-20-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қателеріммен әйгілімін. Ал сен мейірім - шапағатыңмен
атақты сұлтансың!»
Жаратылыс көркемі әлемдердің мырзасы болған
Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пенде-
лік қасиетпен толық түсіну мүмкін емес.
Бұл ғаламдағы жаратылыс оны толық түсіндіре ал-
майды. Себебі бұл ғаламда көре алғанымыз және сол
нәрселерге ұқсас сипаттармен салыстырғанымыз бойын-
ша түсінгенімізбен негіздің арасындағы айырмашылық
шетсіз де шексіз. Біз тек теңіздің бір тамшысындай ғана
түсінеміз. Кесеге бір өзенді сыйдыру мүмкін болмағаны
сияқты, Пайғамбарымыздың нұрын лайығымен түсіну
мүмкін емес. Шайыр Яхя Кемал бұл жайлы былай дейді:
«Дүние жаралғалы ол гүл сияқты гүл көрмеген,
Гүлдің сұлулығын тілге дастан болғалы...»
Сондықтан оның ұлы болмысы жайлы баян бітіп-тау-
сылмайтын үнсіздікте нәтиже табады. Ал мұсылманның
көңіліне шағылысқан ақиқат болса, теңіздің тамшы-
сындай. Себебі Мұхаммеди Нұр, дәлме-дәл «бәйтуллаһ»
(Қағба) тәрізді ақыл жете алмайтын шындықтардың
адам баласының түсінігіне сай қалыпқа келтірілген бір
көрінісі.
«Кәлимә шәһәдат» сөзінде айтып жүргеніміздей,
әлбетте, ол даАллаһтың бір құлы. БірақОның бұл құлдық
қасиетін жалпы адам баласы туралы ұғыммен жора-
малдау дұрыс емес, себебі Мұхаммеди ақиқат алдында
біздің түсінігіміз, метафизикалық құбылыстарды түсін
бейтін кішкентай бала түсінігінен айырмашылығы жоқ.
Өйткені Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
құлдар арасынан бүкіл әлем мырзасы ретінде таңдалған
Расул (елші). Ол сондай елші, бүкіл пайғамбарлардың аты
оның мүбарак есімінің мазмұнында жинақталған. Бүкіл