"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мәжнун Ләйләға деген сүйіспеншілігінен аса алмай, ула-
нып қалғанда қадірсіз болып қалар еді. Басқа сан жетпес
жындылар қатарына қосылып, жоқ болып кетер еді.
Маңдайында Мұхаммеди нұр болған Хазіреті Юсуфты
ағаларықұдыққа тастағандаАллаһ (жәлләжәләлуһу) оны
олжердеөлтірмеді.Қаттышөлдегенбіржолаушықұдықта
су бар екен деп шелегін тастады. Жіпке жабысқан бойы
шелекпен бірге сыртқа шыққан Хазіреті Юсуфты көрген
ол жолаушы, шөлдегенін бірден ұмытты. Адамды есінен
тандыратын әдемілікті көрген әлгі жолаушы, аң-таң бо-
лып қалшиып тұра қалды. Бірақ ғапыл жолаушы, бұл
әдеміліктің рухани жағын байқай алмады. Оның сыртқы
пішімінеқарапХазіретіЮсуфтыарзымайтынақшағағана
сатты да айырылып қалды. Сыртқы сұлулыққа қызығып
иләһи сүйіспеншілікке жете алмағандар секілді.
Алайда бір шелек су алармын деген үмітпен құдықтан
жібін тартқан адамның Хазіреті Юсуфтың әдемілігін
көрген кезде суды да, құдықты да ұмытуы, ол үшін үлкен
мүмкіншілік болатын. Бұл мүмкіншілікті дұрыс пайда-
ланып, иләһи ғашықтықтың келуімен, күннің жарық
сәулесін сындырып жатқан бір линза секілді, кейіннен
пайда болған жалған, алдамшы сезімдерді күйдіріп тас-
тауы керек еді. Өкінішке орай, ол ақылсыз адам Хазіреті
Юсуфты сатып жалған дүниеге алданды. Басына қонған
бақыт құсын ұшырып алды.
Осы жерде түсіндірейін дегеніміз махаббат пен
ғашықтықта табысқа жетудің ең керемет жолы - ол алған
бағыт.
Махаббаттың сатыларында тоқтап қалмай, әрі қарай
өтіп кету жағдайы көпшіліктегі адамдардың біразына
нәсіп болады. Бірақ кемелденгендер, сырттай қарағанда
өз еріктері арқылы, ал, рухани жағынан карағанда
тағдырдың тәлкегімен бұл ұшы-қиыры көрінбейтін
мақсаттарға қарай жөнелген жандар. Бұлар алдамшы
-15-