Previous Page  12 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

істегендерін ғана ұнататын көр соқыр ғұмыр кешеді. Ал

бұл болса, пенделік әлсіздікті мойындатпайтын үлкен

қараңғылық пен ғапылдық. Тіпті рухани аурулардың

ең зияндысы. Дәлірек айтқанда, иләһи құдыретті

мойындамағанымен қоймай өзін құдіретті санап «мен»

деп тәкәппарлану деген сөз.

Сондықтан

:

ُا

��ُ��َ�ْ

َ اَن

�ْ�َ�

ُا

���ُ�

«Өлместен бұрын өліңіз!»

- деген сөздегі шы-

найы мағына, адамзаттағы жағымсыз сипаттардың

тұзағына түспеуді және нәпсінің иірімдерінен құтылуды

түсіндіреді. Бірақ, мұнда іске асырылатын тәсіл – міндет-

ті түрде нәпсіні өлтіру емес, оған үстемдік құру. Хазіреті

Мәуләнә:

«Егер су кеменің астында болса, онда кеме жүзе береді.

Ал, егер су кеменің ішіне кірсе, оны батырып тастайды.

Солсекілді кеменіжүргізіпкележатқанқазандағыотты

мысал етуге болады. Қазандағы от кемені жүргізеді.

Қай уақытта от лаулап сыртқа шықса кеменің күлін

көкке ұшырады»

, - дейді. Демек құл жағымсыз сипат-

тарды қаншалықты азайтса, соншалықты Раббысына

жақындайды. Мұндай табысқа қол жеткізу ешқандай

күмән жоқ Аллаһқа деген махаббат, сүйіспеншілік

арқылы ғана болады. Бірақ сол махаббаттың кенеттен

Хақ Тағалаға қарай бағытталуында, пенде үшін көптеген

қауіптер бар. Жүрек бір мезетте жоғары кернеудегі тоққа

ұрынғандай қызып өртене бастайды. Ал бұл болса, адам

өмірін астаң-кестең етеді. Мұсадағы (аләйһиссәләм)

көрініс осыған керемет бір үлгі:

Мұса (аләйһиссәләм) Тур-Синада Раббысымен тілде-

сті. Бұл тілдесу адам баласының ақылы жете алмайтын

-12-