"ХИКМЕТ"
баспа үйі
МАХАББАТТАҒЫ СЫР
Бір әулие естелігінен:
«Кең, жазық далада келе жатыр едім, алдымда
шын қөңілімен беріліп намаз оқып отырған бір шопан-
ды көрдім. Оның қойларын қасқырлар бағып жүр еді.
Бұл көрініске таң қалдым да намазын бітіргенше асыға
күттім. Ол намазын оқып болған соң:
– Ей, шопан! Қасқырлар қалайша қойларыңмен до-
стас-ты? Олардағы жыртқыштық қасиет жоғалып, оның
орнына сүйіспеншілік сезімі қалайша пайда болды? - деп
сұрадым.
Аллаһқа сәжде ете-ете жүзі нұрға бөленген тақуа шо-
пан былай жауап берді:
– Ей, жолаушым! Қасқырлардың қойларға деген
достық сыры, шопанның мына отардың нағыз иесіне
деген достық сезіміне байланысты. Яғни бұл көрініс –
махаббатағы бір сыр.
Бұл аңыздан байқалғандай адамның жанын тебірен-
тіп көркейтетін махаббат болғаны соншалық одан артық
күш жоқ. Егер ол махаббат ғашықтыққа айналса, оның
нұры барлық әуесқойлық пен құмарлықты өртеп жібере-
ді. Қараңғылық пердесін күл қылады, көңілдерді шексіз
бақытқа кенелтеді.
-9-