Previous Page  14 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Дүниеге көңіл бөлгендер - көлеңке аулап жүрген

аңшыға ұқсайды. Көлеңке қалайша олардың малы бола

алады?»

«Сондай-ақақымақбіреуқұстыңкөлеңкесінұстағысы

келді. Бірақ талдың үстінде отырған құстың өзі аң-

таң».

Ақыретін ойлаған әрбір ақыл иесі, бітпейтін

армандарға, алдамшы ләззат пен бос нәрселерге, өткінші

мына жалған дүние қызықтарына бой алдырмауға, бүкіл

сүйіспеншілікті иләһи мақсатқа бағыштаудың жараты-

лыс мақсатының қажеттілігі екенін оп-оңай түсінеді.

Нақты әдемілік – Аллаһқа тән. Қарап тұрып қайран

қалатын әдемі нәрселердің бәрі, иләһи әдеміліктен тозаң

ауырлығындай болса да өз сыбағасын алған.

Ләйлә мен Мәжнун арасындағы махаббат сахнасы,

бұл шындықтың бір мысалы. Егер, Мәжнуннің көңілі

толығымен Ләйләға ауып сонда тіреліп қалғанда, Ләйлә

оған пұт болып қалатын еді. Бірақ Ләйлә Мәжнун

үшін уақытша бір роль ойнады. Ол Мәжнуннің көңілін

күшейтіп Аллаһ махаббатына лайық халге жеткізгенен

кейін оның жүрегінде Ләйләға орын қалмады. Мәжнун

ғашықтық сапарына Ләйләдан бастағанымен оған тіре-

ліп қалмай көңілін Аллаһқа бұрды. Осыған орай барлық

махаббат, бет бұрған нәрсеге байланысты, яғни қарсы

алдымыздағы объекті сол махаббаты қабылдаса сон-

да ғана біз құрған махаббат мақұл деп есептеледі. Тек

бұл сүйіспеншілік пен махаббаттар таусылып, алда-

нып, нәтижесі өкінішке айналмаса болғаны! Құнарлы

жер сияқты, жүрек сүйіспеншілік арқасында, баратын

жеріне дейін өз жолымен жүре бергені жөн! Бұл жерде

қорқынышты нәрсе махаббатқа лайық болмаған объек-

тіге сүйіспеншілік пен ілтипат көрсету, одан да жаманы

сол объектінің айналасынан шыға алмай қалуы. Егер

-14-