"ХИКМЕТ"
баспа үйі
әйтеуір біреуіне ғашық болып, оған сүйіспеншілік пен
құмарлық көрсету – бұл «астарлы ғашықтық». Ал, жама-
лы кәмілдіктің, кәмілдігі де жамалдың шыңында болған
күллі әлемнің Раббысына деген терең махаббат болса, ол
– «шынайы ғашықтық» болып табылады.
Көңілдеріне Аллаһқа деген шынайы ғашықтықты
ұялатқандар қай уақытта болса да ол жерге өзгеше
әдеміліктердің шағылысқанын көріп, сол сәтте Хақ
Тағаланың сан жетпейтін құдіреттерінің біріне куәгер
болып тұрады, өздерінің «Ахсани тақуим» яғни әдемі
кейіпте жаратылғанын шынайы түрде түсінеді. Себебі
олар үшін біздің құшақ аша жақсы көрген нәрселеріміз
ешқандай мағына бермейді. Оларда астарлы ғашықтық
болмағандықтан, жалған-алдамшы дүниелерден ұзақтап
кеткен. Олар «мағрифатуллаһ»* дәрежесіне жет-
кен. Дүнияуи ғылымдарының сыртқы қабығындағы
нақыштарды тастап, шындыққа, ақиқатқа қол жеткізіп
ол жерден иләһи мәңгілікті тамашалап отыр.
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) пен құл арасында керіле
тартылған үлкен перде - кедергілер бар, бірақ, ол жер мен
көк сияқты материалдық ара-қашықтықтан тұрмайды.
Бұл перде – нәпсі өзін жаратушыдан бөлек болмыспын
деп сезінуі. Сондықтан Аллаһ Тағала:
«…Рухымнан үрлеген сәтте…»
(Хижр, 29)
деп бұйырады
және адамға өзі берген ұлы рухани асылды есіне салады.
Пірлер сұлтаны Абдулқадыр Гейлани Хақ Тағала тара-
пынан рухани түрде естіген:
«Мен – адамның сырымын…»
(Фусусул Хикәм І, 48)
деген
сөзде осы бағытта баяндалған. Сондықтан былай айта
аламыз: Иләһи қазыналар мен сырлар адамға сый ре-
тінде берілуде. Аллаһ (жәллә жәләлуһу) ұлы тәңірлік
болмысын, адамның қасиетті болмысында танытқысы
*
Мағрифатуллаһ:
Аллаһты шынайы тану
-17-