Previous Page  16 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 16 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

дүниеден бет бұрып, өз нәпсілерін, арман-қалауларын

жоқ қылып Раббыларына жетудің сансыз жолдарын-

да, әрі қол жеткізген ықылас, мейірімділік арқасында

азды-көпті белгілі дәрежеге дейін ұласады. Ақыры олар,

теңізге құйылып өз қасиетін жоғалтқан өзендер секілді

«фәнә фил ләһ» яғни құл Аллаһтың нұрында жоғалып,

Аллаһтың құлы екендігін үзіліссіз есінен шығармайды

да, осының нәтижесінде «бәқа билләһи» яғни құл

Аллаһқа деген махаббат пен мәңгілік шәрбәт суын руха-

ни әлемде ішеді. Ақыл-шектеулі, шекараланған жерге

дейін келіп тоқтайтыны да мағлұм. Арғыжағы – ақылдан

адасу, жындану. Ал, көңілдің шекарасы жоқ. Көңілдің

жәй табатын жері – «фәнә филләһ» пен «бәқа билләһ».

Хазіреті Мәуләнә, «фәнә филләһ» пен «бәқа билләһ»

дәрежесінде иләһи ғашықтықпен жануы және өз рухын-

да жанып тұрған махаббат отын, өлімнің өзі де сөндіре

алмайтындығын қандай тамаша суреттейді:

«Мен көз жұмғаннан кейін қабірімді аш! Ішімде ла

у-лап

жанған махаббат отынан кебінім күйіп, одан көгілдір

түтіннің қалайша жоғары көтеріліп жатқанын

көресің!»

Өлімді қорқынышты ететін – тән қап сы. Сол тәнді

бақалшақты сындырғандай ғашықтықпен сындырсаң,

өлімнің інжу-маржанға ұқсайтынын көрер едің!»

Аллаһ достарының ең маңызды қасиеттерінің

бірі, иләһи ғашықтықпен өртенуі. Хазіреті Мәуләнә

жоғарыдағы сөздерінде баяндаған ғашықтық күйімен,

өмір бойы жанып тұратын шынайы ғашықтарды іздеген.

Ол бұл тілегін былайша тілге тиек етеді:

«Маған сондай бір ғашық керек, оның ішіндегі оттың

жалынымен қиямет қопарылуы, көңілінің ыстығымен

оттың өзі күлге айналуы керек!»

Екі түрлі ғашықтық бар: астарлы және шынайы.

Әлемде «масиуадан», яғниАллаһтан басқа нәрселердің

-16-