Previous Page  13 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

түрде әріпсіз, сөзсіз, өзгеше бір халде өтті. Осындай ұлы

нығмет және сүйіспеншілікке бөленген ол, дәл сол күй

кешіп есінен айрылды да Аллаһты көргісі келді. Бірақ

�ِ�

َا

�َ�

ْ

�َ�

яғни «мені мүлдем көре алмайсың»- деген жау-

ап алды. Сонда да талабынан қайытпаған соң, Аллаһ пер-

делер арқасынан тауға назар ететіндігін білдірді. Тау,

Раббысы тарапынан келген тозаңдай нұрға шыдай алма-

стан, күл-талқан болды. Бұл таңғажайып оқиғаны көріп

тұрған Мұса (аләйһиссәләм) талып түсті, кейін дереу ті-

лін истиғфарға келтірді.

Сондай ұлы пайғамбардың күшін ерітіп жіберген бір

сәт көрінер-көрінбес бірден жарқ еткен нұр, Аллаһқа

деген махаббаттың біртіндеп күшеюі керек екендігін

көрсетіп тұр. Жүректің, иләһи махаббатқа деген бей-

імделу, иілу қабілетін күшейтетін жаттығулардан өтуі

тиіс. Ал бұл болса, нәпсінің үстемдігінен құтылып,

әулиелердің рухани әлеміне құшақ жая жабысу арқылы

ақырын-ақырын тәжірибе жинауды талап етеді. Себе-

бі, тек осындай тәжірибелерден кейін ғана жүректің

қабілеті, сүйіспеншілігі артады, жаман әдеттерден ысы-

рылып шығады, пәни нәрселерге бой алдырмай, нәпсінің

тұзақтарынан құтылып, дәреже-дәреже жоғарылай бас-

тайды, тіпті иләһи махаббатқа шыдамы күшейеді.

Әке-шеше, жұбай, қалыңдық пен бала-шағаға деген

сүйіспеншілік, иеленіп жүрген рухани әрі материалдық

байлықтарымыз, сол секілді әр түрлі нығметтер, Хақ

Тағаланың құлдарына деген мейірімділігі. Бірақ барлық

махаббатымыз Аллаһқа және Хақ жолына дәнекер бо-

луы керек. Дүние мен ондағы фәни нәрселерге көңіліміз

тұтқындалмауы керек. Себебі нақты әдемілік иесі болған

Аллаһқа ғашық болғандар бөлшектерге көңіл аудармай-

ды. Бөлшектерге көңіл бөлгендер, бүтіннен мақұрым бо-

лады. Хазіреті Мәуләнә бұл жағдайды мына өлең жолда-

рында әдемі суреттейді:

-13-