"ХИКМЕТ"
баспа үйі
АЛҒЫ СӨЗ
Біз әлсіз құлдарын, иман нұрымен ризықтандырған
Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар!
Адамзаттың қараңғылықтан құтылып, жарыққа
шығуына себепші болған бүкіл әлемнің мәңгілік
мақтанышы – пайғамбарымызға Аллаһтың сәлемі бол-
сын!
Хақ Тағала ғаламдарды айрықша жаратқандықтан,
оған ерекше бір сыр бағыштаған. Сол себепті,
сүйіспеншілік болмаған жерде құрдымға кету, ал, оның
болған жерінде кемелдену бар. Мәснәуи деген кітапта бы-
лай делінген:
«Сөздің негізгі иесі болған Аллаһ бұлтқа бір сыр айт-
ты, оның көзінен атқылаған су секілді жас төгіле ба-
стады. Гүлге бір сыр айтты, ол әр түрлі түспен және
хош иіс-пен безенді. Тасқа бір сыр айтқаны сол-ақ еді, ол
қымбат асыл тасқа айналды. Адамзатқа бір сыр берді,
сол сырды сақтағандарды мәңгілік бақытқа бөледі».
Міне, бұл сыр – махаббат сыры. Сол үшін адам
баласының Аллаһ Тағаланың ризалығына жетіп, сүйікті
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
шапағатына лайық болып екі дүние бақытына қол жеткі-
зуі –
махаббаттағы сырдың күшінде жасырылған үлкен
бір ақиқат. Бұл ақиқатты біліп, бой ұсынған көңілдерде
Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген махаба-
-5-