Previous Page  7 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 278 Next Page
Page Background

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тәңір қалауы арқылы болып жатқанын түсініп, өткінші

ләззаттарға көңіл аудармайды, керісінше салих (ізгі)

амалдарға құшақ ашады әрі ғылыммен, парасатпен,

қайраткерлікпен және құлшылықпен әшекейленген бір

ғұмыр кешеді. Осылай өмір сүру жүректерді тек Аллаһқа

деген ғашықтық сезімімен толтырады да өлімді аңсап

жүре бастайды. Інкәрлікпен Аллаһқа қауышу сәтін

күткен пенденің рухы денесіне сыймай тарлық ете ба-

стайды. Сондықтан күндіздері Аллаһтың ризалығына

сай адал ризық іздеп, ізгі амалдар істегенімен әрі түнгі

ұйқысын төрт бөліп жаратылысқа ой жіберіп мейірімді

Аллаһ Тағаланың рухани дастарханынан рызықтанып

нәр алады. Сондықтан мұндай құлдарда не жалғандағы

күн көрушілік қайғысы не де есек дене байқалмайды.

Оның рухи, Аллаһқа берілу және тәуекелділік турасын-

да өзіне һәм басқаларына мейірім төккен бұлт сияқты

болғаны соншалықты қоғамдағы бірлік-берекенің қайнар

көзі бола отырып, қоғамның ірге тасы болған жанұясын

да жәннаттағы гүлістанға айналдырады. Осы гүлістанда

өсіп-өнгендер де, иләһи көрініс ретінде пайда болатын

нұр мен қараңғылық арасында үлкен күрес жүріп жатқан

мына сынақ әлемінде, әр қашан туралықтың, ақиқаттың,

яғни иләһи баяндарда көрсетіл-ген бағыт-бағдардың

қалаушылары әрі қызметкерлері болады. Әсіресе

Құран

Кәрімге деген міндеттері

алдында, әрдайым терең ой

жібере отырып рұхани нәрге толы жүрекпен амал ете-

ді. Одан басқа, үнсіз де сөзсіз кітап халіндегі мына алып

әлемнің парақтарынан неше түрлі хикметтер (даналық),

сырлар мен шындықтарды оқып үйренеді және алған ру-

хани тәрбиелердің арқасында құзыр шуағын айналаға

төге бастайды. Міне, осындай ерекше ахуалды жаны бар

кісіні Құран десе болады. Сонау Бәдір соғысынан баста-

лып, кешегі өткен Осман мемлекетімен жалғасын тапқан

ұлы Аллаһ сөзін үстем қылу жолындағы барлық күрес

-7-