Previous Page  55 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 278 Next Page
Page Background

-55-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ИСТИҚАМӘТ

Бір ғалым кісі отын арқалап, әрең келе жатқан бір

ақсақалға жолығады да былай дейді:

– Ей, ақсақал! Саған ризық беріп тұрған Аллаһқа

сенімің қалған жоқ па? Осыншама жасқа келіп неге

қиналып жүрсің? Немесе қарайтын ешкімің жоқ па?

Әлгі ақсақал, қарсы алдында тұрған кісінің рухани

кемшілігін толықтыру үшін аспанға қарап, екі қолын

жайып тұрып:

– Ей, тәңірім! Мыналарды алтынға айналдыр!» - дегені

сол-ақ екен, отындар алтынға айналып кетті.

Бұл кәрамәтті* көрген әулие сасқалақтап:

– Осындаймәртебеге ие бола тұра не үшін отын арқалап

жүрсің? - деп сұрады. Ақсақал:

–Балам, бұл істі нәпсімніңмені құл ретінде білуінжәне

құлдық шеңберінен шығып кетпесін деп істеп жүрмін.

Себебі, Хақ Тағала құзырында амал қабыл болуы үшін

құл талпынуы керек. Сол үшін әулиелер:

«Ең үлкен кәрамәт – Истиқамет»

деген.

* Кәрамәт:

Ислам дініндегі термин мағынасы бойынша тек Аллаһқа

дос болған мүмин құлдар жасай алатын төтенше оқиға. Ал кәпірлер

жасайтын төтенше іс – истидраж. Пайғамбарлар істейтін оқиға –

мұғжиза. Негізгі кәрамәт болған сөз Қазақ тілінде керемет.