-61-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бірақ, шын көңілімен талпыныс көрсетпеген,
истиқамәт иесі болмаған мүридтің (шәкірт) еңбегі босқа
кетеді. Осы жолда істеген еңбегі, көрсеткен қайраты пай-
да бермейді. Себебі, хақжолында истиқамәт иесі болу – ең
үлкен кәрамәт болып табылады.
Енді бір пікір бойынша, сиратул мустақим –
құлшылық ету барысында асыра сілтемей және шет-
тен тыс жалқаулық көрсетпей орта жолмен жүріп, Хақ
Тағалажолынан тайыпкетпейжүру. Бұйырылғаннәрсені
бұлжытпай мықты түрде орындау. Сондай-ақ сараңдық
көрсету де, шашып-төгіп, ысырап ету де күнә. Төмендегі
оқиға қандай ғибратқа толы:
Сахабалардың бір бөлігі барлық нәрседен қатынасты
үзіп, өмір бойы, күні-түні ғибадат етуге, тіпті үйленбестен
Аллаһқа құлшылық етіп ғұмыр кешуге үшін Хазіре-
ті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рұқсат
сұрап келеді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) олай істеуге тыйым салып, орташа өмір сүруге
әмір етті.
Басқаларға үлгі болсын деп Хазіреті Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл өмірін адамға тән
шама бойынша белгілі бір бағдарлама шеңберінде өмір
сүрген. Бірақ оның Пайғамбарлық нұры арқасында, істе-
ген амалдары ешкімге үлгі болмауы керек. Оның күндері
Аллаһқа құлшылық, жанұя ақыларына назар аудару,
нәпсінің ақысы болып табылатын демалыс және адамзат
алдындағы иләһи міндеттерін орындай отырып қоғаммен
бірге ғұмыр кешкен. Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) бұлардың әрін ең әдемі бейнеде реттестіріп,
үмметіне ұсынған.
Олай болса Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) реттестіріп берген ұсынысына осалдық,
немқұрайлық таныту немесе асыра сілтеу тіпті дұрыс
емес, яғни нәпсілеріміздің қалауынша емес, Хазіре-