Previous Page  64 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 278 Next Page
Page Background

-64-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Омардың (радиаллаһу анһу) өзі ықылас пен

туражолды сақтаудың қиыншылығын басынан өткізетін.

Мұсылмандардың халифасы болған кезінде бір құтпада:

– Ей, жамағат! Егер Аллаһтың тура жолынан тая ба-

стасам не істейсіңіздер? - деп сұрады.

Көпшіліктің арасынан бәдәуи (көшпенді бір араб) тұрды

да:

– Ей, Халифа! Ешқандай уайым жеме! Егер тура жол-

дан қисая бастасаң, сені қылышымызбен туралап қоямыз

- деді. Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) бұған қатты

қуанды және шүкіршілік етіп былай деді:

«Ей, Тәңірім! Саған мақтаулар болсын! Қисайғанымда

туралап қоятын бір жамағат бердің!»

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жүрегінде мүнафиқтық (екі жүзділік) белгісі бар адам-

дарды сахабалары бірін-бірі қырып жібермесін деген

оймен сахабалардан тек қана Хузайфаға (радиаллаһу

анһу) айтқан. Осыны білген Хазіреті Омар (радиаллаһу

анһу) өзінен өзі күмәнданып жүретін. Бір күні Хузайфаға

(радиаллаһу анһу):

– Ей, Хузайфа! Құдай үшін айтшы! Менде мүнәфиқтық

(екі жүзділік) белгісі бар ма? - деп сұрады.

Хазіреті Хузайфа (радиаллаһу анһу):

– Ей, Халифа, тек саған ғана кепілдеме бере аламын,

сенде мүнафиқтық белгісі жоқ! - деп жауап берді.

ХасанБасри (рахматуллаһиаләйһи)Хадис ғылымымен

айналысып жүрген шәкіртіне:

– Ей, Тавус! Хадис үйрену саған тәкаппарлық сезімін

беріп жатқан болса, бұл ғылымды үйренуден бас тарт! -

деген екен.

Имам Ғазали үш жүз шәкірт жетілдіріп жүрсе де:

– Мен осыншалықты шәкіртті тәрбиелеп жүргенімде

Аллаһ менен разы ма екен әлде атақ-даңқтың тұтқыны