-70-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
орнына сыртқы пішіндері бірдей болғанымен өте нәзік,
көңілдері мен көздері жасқа толы, мейірімді, қамқор өте
сезімтал адамдар пайда болды.
Олар Аллаһ Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мінез-құлқын барған жерлеріне өздерімен бірге апарды.
Қияметке дейін жететін, аңызға айналған жақсылықтар
істеп, ерекшеліктерін көрсетті. Олар жайлы ұлы Раббы-
мыз:
«Мухажирлерден, ансарлардан алғашиман келтірген-
дерге, лайықты түрде оларға ілескендерге Аллаһ разы
болды, әрі олар да Аллаһқа разы болды. Аллаһ оларға
іргесінен тамаша бұлақтар ағып жатқан жәннаттарды
әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Әне сол зор бақыт».
(Тәубе, 100)
Құлшылық күйінде, іштей жалбарына өткен барлық
сұхбаттар–Аллаһелшісініңсұхбаттарынанбіршағылысу.
Себебі, Ол рухани нәр алынатын орталық болып табыла-
ды. Рухани шаттануларға толы сұхбаттардың бәрі де сол
орталықтан келеді. Демек ізгі адамдардың сұхбаттарына
қатысып, олармен бірге болу – үлкен ғанибет. Олардың
бұл сұхбат мәжілістері сондай бір жәннат, ішінде тәңірге
ғашықтықпен жас төккен көздер, көңілдер бар.
Рухани нәр алған, көңілдерді қорғау үшін ізгі адам-
дармен бірге отыру неғұрлым маңызды болса, пасық,
күнәкәр, қараңғы адамдардан сақтану да сол ғұрлым
маңызды. Өйткені сасып жатқан өлекселердің үстінен
жел өткенде, айналаға сол иіс жайылады және адамның
өкпесін қысып, тыныстарын тарылтып, дем жеткізбей
қояды. Хазіреті Юнус бұл шындықты төмендегідей су-
реттейді:
Қарға мен бұлбұлды бір қапасқа қамаса,
Әрқайсысы өз сұхбатын жүргізеді таласа.
Қарға бұлбұлдан құтылғысы келеді,
Бұлбұлға да керегі сол еді.