Previous Page  72 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 278 Next Page
Page Background

-72-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

шүбә болмаған адам көңілін қаншалықты абай болып

қорғау керек екендігі айқын болады.

Ұлы тұлғалар осы жайлы былай дейді:

«Халықтың амалдары мен мінез-құлқынан жансыз

жаратылыстар да әсерленеді. Сондықтан, әр түрлі жаман

істерге итермелейтін бір жерде істелінген құлшылықпен,

ізгіамалдарменқайырымды,сауаптыістергемекенболған

жерде құлшылық етудің қадір-қасиеті жағынан арала-

рында айырмашылық өте көп. Иә, сол үшін Қағбатұллада

оқылған бір намаздың, басқа жерлерде оқылған намаздан

тым артық сауабы бар. Осыған орай тағы да мысал келті-

ретін болсақ:

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Арафат пен Муздалифа арасындағы «Мұхассыр» атты ой-

паттан өте жылдам өтеді. Мұны көріп, таңырқап қалған

сахабалар:

- Ей, Аллаһтың елшісі! Бұл жерде сізді жылдамдатқан

не нәрсе? - деді. Жауап ретінде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

- Хақ Тағала бұл жерде Әбрәһәнің әскерін қырған -

деді.

Ауыртпалыққа толы Тәбук жорығынан оралып келе

жатқан сахабалар шөлдерін басып, көлеңкеде дем алуға

Сәмуд қауымының тау-тастарды ойып жасаған сарайла-

рына кірді.МұныкөргенРасулӘкрәм (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм):

«Бұл жайда Сәмуд қауымы Аллаһтың (жәллә

жәләлуһу) қаһарына ұшыраған. Соның ұшқыны тимеу

үшін бұл жерден су алмаңыздар!» - деді.

Сахабалар:

- Ей, Аллаһтың Елшісі! Ыдыстарымызға су толтырып

қойдық. Тіпті осы судан қамыр жасадық - деді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):