Previous Page  75 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 278 Next Page
Page Background

-75-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Мәуләнә одан әрі, бұл бірдейлену және жоқ

болудағы рухани жағдайды былай баяндайды:

«Ғашықтық келіп, қан сияқты тамырларымды жай-

лады. Мені менен алды. Тұла бойымды сүйгеніммен тол-

тырды. Тұла бойымды достым (ғашығын) жайлады.

Менен, маған қалған тек есім ғана. Қалғанының бәрі

– Ол...»

Тасаввуфта «фәнәфиллаһ» пен «бәқабилләһ» деген

жағдай осы. Тек Аллаһқа деген сүйіспеншілік бағытында

осы дәрежеде ілгерілеу үшін жүректің оны көтере ала-

тындай жағдайда болуы ләзім. Ал, бұл болса, жаттығу ре-

тінде сүйіспеншілікті адамдарға арнау арқылы болады.

Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) Расулуллаһпен

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір кездесуінде және

сұхбатында бір өзгеше рухани сезімге шомылып, рухани

нәрге қарық болатын. Сүйіктісінің қасында болғанының

өзінде махаббаты мен сағынышы басылмай керісінше

арта түсетін. Сондай-ақ бір күні барлық дәулетін Аллаһ

елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдында шын

көңілімен Аллаһ жолына жұмсағанда сүйіспеншілік пен

құрметке толы Пайғамбар мадағына қол жеткізді.

Алайда Хазіреті Әбу Бәкір Аллаһ Расуліне деген

ғашықтық сезімімен өз жан дүниесінен, нәпсісінен

өтіп Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

нұрында, Оның жан дүниесінде жан тапқаны үшін,

Хазіреті Пайғамбардың оған илтипатын білдіріуін

өзіне сөз сөйленген тыңдаушы ретінде қабылдап өзінің

«басқалары» сияқты көрілгенін ойлап мұңайды. Осы се-

зіммен рухының тереңдіктерінде айрылу отына ұқсас

жан күйзелтуші қайғыға тұсті. «Басқалары» ретінде

көрілудің үрейімен:

«Уа Расулаллаһ! Малым, жаным, барлық нәрсем

«Сіз»

ден бөлек нәрсе ме екен?» деді.