Previous Page  81 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 278 Next Page
Page Background

-81-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

те болса сезіп, білген патша ақыл-есін жинап, мешітке

қарай жүгірді. Михрабта (имамның намаз оқитын орны)

сәждеге бас ұрып, көз жасын төгіп, Раббысына мінажат

етіп:

«Раббым! Сен көңілдердегі барлық арман-тілекті

анығымен білесің! Фәни бір күңге тұтқындалдым. Ей,

дерттерге шын мәнінде дауа беруші ием! Мені есігіңнен

қуалама!» - деп жалбарына берді, жалбарына берді, жал-

барына берді...

Патшаның теңіздің толқыны сияқты бұл дұғасымен

Аллаһ Тағаланың мейірімділік, рахымдылық дариясы

таси бастады. Себебі, шын көңілден төгілген көз жасы

әр уақыт иләһи рахымдылықты тасытатын әсерлі нәрсе

еді. Соншалықты бейшара патшаның дұғасының қабыл

болуына әсерін тигізді, Хақ Тағала оған ізгі, жас тақуа

құлдарының біреуін ем жасауға жіберетіндігін аян

арқылы білдірді.

Патшаның қуанышы қойнына сыймай, көтеріңкі

көңілмен сарайға қарай жүгіріп барса, Аллаһ Тағала жі-

берген хакімнің келгенін көріп, қуанғаны соншалықты,

оның нұрынан көздері шағылысып қалды. Өйткені оның

нұрының алдында Күннің жарығының өзі бір түтін

сияқты болып қалған еді.

Патша қатты таң қалды, тіпті есінен айырылып қалды.

Жан-дүниесі өзгеріске ұшырағанын сезді де, еріксіз

қадірлі қонағына:

«Шын мәнінде сүйгенім ол күң емес, сенсің. Бірақ

дүниеде істен іс шығады. Аллаһтың хикметімен себептер-

ден себеп туады» - деді.

Ол нұрлы жүзді қадірменді қонағын махаббатпен

құшақтап, жан-дүниесінен орын берді. Бір жағынан

қонақтың қолын, маңдайын сүйе отырып:

«Ғажап!

Халықтың көздерінде перде бар ма? Бұл ақиқатты

көрмей тұр! Осындай айдың нұрын қалайша көрмей