-86-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ұсынған эликсирлер көңіл мен нәпсіні басып алған, кей-
кейде шабыуыл жасайтын қаншама улы жыландар мен
шаяндарды ойсырата әлсіретеді. Сөйтіп құл, Хақтың
көңіл сарайында өз орнын табады.
Басқа жағынан хикаяда өткен күң мен зергер
арасындағы ғашықтық пен байланыс адам баласының
астарлы махаббатын түсіндіреді. Бұл астарлы махаббат-
та, хикаяда айтылған сияқты, күндердің күнінде жоқ бо-
лып кетеді.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Пәнилердің махаббаты мәңгі емес. Өлілер қайтып
оралмайды. Мәнгі ғұмыр кешетіндердің махаббаты бол-
са, үнемі ашылмаған гүлден де жас, одан да әдемі. Сен
мұны біліп ал! Пәни ғашықтарға алданып, мас болып
қалма! Сен барлық Пайғамбарлармен, әулиелерді бақыт
пен құдіретке жеткізген шынайы ғашықтықты таңда!
Себебі, мәнгі болған махаббат сені шынайы сүйіктіге
(Аллаһқа) ғашық қылады. Шынайы ғашықтықтың
орнын жаулап алған жалған махаббат жүректің
Аллаһ махаббатына қарай өрлеуіне пайдасы болмаса,
қабылданбайды. Өйткені жүрегі Ләйләға беріліп кеткен,
Аллаһқа жете алмайды, жаны жай таппайды».
Рухани тәуіп болған кәміл пірдің ауруды емдеу үшін
рух-патшаға бөлмені босаттыруының себебі:
Рухани алыс-беріс үшін кәміл пірмен кездескенде
онымен жеке қалу несібесін жекелендіруі үшін шарт.
Керісінше жағдайда кәміл пірдің тәрбие ретіндегі сөз,
іс-әрекеттері құзырда болғандардың ортақ несібелерінің
біріккен кезінде ғана пайда болады. Жеке әңгімелесу
болса, бір тәуіптің тексерген ауруына ғана жарайтын
бір рецепт беруіне ұқсайды. Қолмен бөлінген алма, айва
бөліктерін қайтып орнына қою барысында шұңқыры
мен төбелерінің бір-біріне сәйкес келуі қажеттілігі бар.
Әйтпесе толық қосылу іске аспайды. Сондықтан мүршид