-91-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Таң атқанда да, ақшамды күтпе! Яғни, «Алдымда
көп уақыт бар, әлі жаспын т.б. әйтеуір бір жетермін»
деп еріншектік көрсетпе! Саған өлімнің бұрын келіп
қалатындығын ойлан да соған қарай қимылда!
Сау күніңде ауырып қалатын уақытың үшін; ал өмір
бойы да өлетін уақытың үшін дайын жүр!»
(Риадус-Салихин
ІІІ, 437-438)
Пірлер сұлтаны Хазіреті Һуда-и мәңгі бір бақыттан
айы-рылып қалмас үшін, жүректерге былай насихат ай-
тады:
Ежел бағында шыққан гүл едің
Кәдімгі ұяңда бұлбұл едің.
Түсіп келдің мына жиһанға
Кетесің бір күні ескі ұяңа.
Бұл әлем түсті қиядауға ұқсайды,
Ішінде адам өмірі суға ұқсайды
Абайла енді қиялдарға сенім артпа
Өтер желге, аққан суға сүйенбе.
Ешқандай күмән жоқ, тек тәндерін ойлайтындар ғана
өмірлеріне зиян келтіреді. Рухын ойлайтын көзі ашықтар
болса, иләһи сырларды үйрену жолына бет бұрғандар.
Тәннің азығы шегінен асып кетсе, зияннан басқа
ештеңе емес. Ал, рухтың азығы не ғұрлым көп болса, сол
ғұрлым пайдасы мол.
Тән көңіл мен рухтың кеудесі, қалыбы болғандықтан,
оны да қорғау керек. Бірақ, тәнді қорғаған кезде шектен
тыс көңіл аударып, жақсы қараудың керегі жоқ. Себебі,
адам болмысының қаймағы – көңіл мен рух.
Хазіреті Имам Ғазали рух пен тән арасындағы
байланыстың мөлшерін төмендегідей түсіндіреді: