-90-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өте терең, өте нәзік ойлайтындардың рухтары
пәни мекеннің ауыртпалықтарынан, пәни уақыттың
зұлымдығынан хабардар болды да, келген жеріне
қайта оралуды інкәр сезіммен күтеді. Ұлы әрі қасиетті
мақамдардан түсіп, денесіне кірген рух асыл халін
қорғап, жолда кездескен сағымдарға алданбаса, оның
қайтар жері, алғашқы келген мақамы.
Олай болса, адам баласы оның болмысы тек қана
топырақтан емес екендігін ойлауы тиіс. Ол Хақ Тағала
тарапынан үрілген бастан аяқ нұрдан тұратын тап-таза
бір рух. Бұл әлемнің кіндігі, қорытындысы, қарашығы.
Сонымен қатар оның денесі иленуге мұқтаж, шикі тері
сияқты. Нәпсісі де меңгеріп, бағытталуға мұқтаж көлік.
Көңілі болса, өсіп-өнуге мұқтаж, бір гүл бақша сияқты.
Расында, рухтар аруақ әлемінде Хақ Тағаланың ма-
хаббат пен сүйгеніне қауышу шербетінен ішіп, мас бо-
лып, естерінен адасқан. Шаттығу мақамында үнемі хош
сезімдер ішінде болатын. Кейін иләһи тағдыр мен иләһи
сырлар бойынша, сол ұлымақамдардан бұл дүние әлеміне
жіберілді. Сондықтан көпшілігі сол асыл отанынан
ұзақтағандары үшін ол жердегі сүйгеніне қауышу сезі-
мін, ләззәтін ұмытты. Бұл әлемде көрген әр нәрсеге нәпсі
көздерімен қарап, алданып қалды, ақиқатты көруден
мақұрым болды. Сондай-ақ осы жағдайға ұшырамас
үшін Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай
бұйырған:
«Дүниеде ғаріп кісі, тіпті жолаушы сияқты бол!»
(Бұхари, Риқақ 3; Тирмизи, 2333)
Осы хадис шәрифті жеткізген
Абдуллаһ ибн Омар (радиаллаһу анһу) былай дейді:
«Ақшамға кіргеніңде, таңды күтпе. Түскен мәңгілік
жолында кетіп бара жатқаныңда «Ақшам болды, қане
дем алайын да, таңертең жалғастырармын» деп аялдама.
Сен алдыңда ұзын жолы бар жолаушысың. Сенің босқа
өткізетін уақытың жоқ. Жалқауланба!