Previous Page  85 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 278 Next Page
Page Background

-85-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жасырынып қалған шын бейнесін көрсету үшін еді, бұл

әрекетімен рухани тәуіп төмендегілерді айтқысы келеді:

«Ей, көктем әдемілігіне таңдай қағып қайран

қалған адам! Енді сен күздегі сарғайып кеткен түрі мен

сұлулығына бір қара!»

«Таң шапағында әдемі күннің шығуын көргенде, оның

өлімі болып есептелетін батуын есіңе ал!»

«Әрбір пәни нәрсе бұл жағдайды басынан өткізеді.

Әрбір нәрсенің кемелі мен жамалы жоқ болып кетеді».

«Айна секілді нәркес көзді соңында ірің басып, кірпік-

сіз қалып суланып, жас ағып тұрғанын көресің!»

«Ей, майлы, тәтті тамақтар мен керемет азық-

түліктерді көріп, тәбеті шапқан кісі! Тұр, әжетханаға

барып, олардың түскен күйіне көзіңді ашып қара!»

«Өмір бойы соңынан ұнатып, жүгіріп жүрген жалған

дүниелердің әдемі түрлеріне қара! Соңында олардың

қалай көзге ілінбей әлсіреп, қартайып, қандай күйге

түскендерін жақсылап қарап ал! Ғибрат ал!..»

«Бұлпәниәлемсағантұзаққұрып, оларқылықаншама

шикі өкпелерді алдап, абыржытуда».

«Аяқ-қолыңды, есіңді жинап сен оғантұзақ құрып қой,

бұл қиыншылықтың қармағынан құтылуға тырыс!»

«Айнадағы

соңғы

нақышқа

қара!

Сұлудың

қартайғандағы әжімі мен ғимараттың уақыты ке-

ліп, құлайтын жағдайға келетіндігін ойлап, айнадағы

жалғанға алданба!»

Рухани тәуіптің бұл насихаттарына құлақ асқан нәпсі,

соңында барлық қалаулардың пәни әрі келіп-кетуші

бос армандар екендігін көрсететін зергердің өлуі, яғни

көңілдіңарылуынәтижесінде дүнияуибарлықәуестерден

бөлініп, тазаланады да, рухқа бір лайық сүйікті бола-

ды. Әулиелер берген удың өзі жанға жай, дертке шипа,

рухтарға азық болып табылатынын түсінеді, яғни, олар