-84-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
абыройын ұмытып, оның тұзағына түседі. Сол сәтте
жаратылуындағы негізгі мақсаты болған құлдық пен
мағрифәтті ұмытады. Тіпті, өзі ауланып, нәпсінің
тұтқыны болып қалады. Оның қалағандарын орындап,
нәпсіні риза қылу үшін қолынан келгенінің бәрін істей-
ді.
Бірақ, нәпсінің табиғатындағы нәрсе көзі үнемі
«Әсфәлә-сәфилинде» (төмендердің төменінде). Бақытты
солжерде табамын деп ойлайды. Оның зергерге ғашық бо-
луы, дүнияуи қалаулары, алтынмен күмісті қаттыжақсы
көруі, оларға құл, күң болғысы келгендігін түсіндіреді.
Нәпсі бұл жағынан рухқа көзін салып, назар да аудар-
майды. Рух оның соңынан не ғұрлым жүгірсе, нәпсі одан
сол ғұрлым ұзақтайды.
Бұған қобалжыған рух, оны көптеген тәуіптерге
көрсетеді. Бәрі де ештеңе істей алмай, әлсіз болып
қалады, себебі, олар руханият әлемінен бейхабар әрі
тереңде жатқан дерттерге қарсы шарасыз. Демек, Аллаһ
жолына сілтеуші рухани тәуіп керек. Сондай-ақ рух
шын мәніндегі кәміл-пірді тапқанда ғана Оның бейне-
сінде Аллаһтың нұрын тамашалап «Менің шын сүйгенім
– сенсің!» - дейді, әрі бұдан бұрын ғашық болған нәпсіден
құтылу үшін, тәуіптің айтқандарын түгелдей орындайды.
Өстіп, дүние нығметтері көзіне ілінбей қалады да, көңілге
шаттық сыйлайтын Аллаһ сүйі пеншілігіне қарай бет
бұрады. Хикаямыздағы зергердің рухани тәуіп, яғни,
кәміл-пір тарапынан жаман күйге түсірілуі осы сырға
байланысты. Кәміл-пір мүридін (сопылық жолындағы
шәкірт) тәрбиелеу барысында жүрегіндегі дүнияуи
қалауларын тазалау үшін, сол жүректе орналасқан пәни
сүйіспеншілікті Аллаһтың - «әр-рақиб» мүбарак есімінің
өзіндегі көрінісі бойынша назар салып, көзге іліндірмей
қояды. Сондықтанруханитәуіптің зергерге бергеншәрбәт
сусыны, оның алғашқы қарағанда көздеріне көрінбей