-80-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бірлерін билеу соғысын және бір-бірлерін билеп-төстеу
үшін жұмсаған күштерін мына мен бейнелейді.
Үлкен салтанат құрған бір патша бар еді. Бір күні
сарайдағы жақындарымен бірге аң аулауға шықты.
Жолда бір әдемі күңге жолықты. Күң сондай сұлу еді,
патшаның жүрегін жаралап лезде өзіне баурап алады. Аң
аулауға шығып, өзі ауланып қалған патша ішіне түскен
махаббат отына шыдай алмай көп дүние-мүлік беріп, сол
күңді сатып алды. Өйткені қапастағы құс қалайша шы-
рылдап тұрса, патшаның жаны да тән қапасында солай
шырылдай бастаған болатын.
Күңді сатып алып, ниетіне жеткен патша өзінше
бақытты адам болдым деп ойлады. Бірақ, оның бұл
қуанышы ұзаққа созылмады. Күң қатты ауруға душар
болды. Күн өткен сайын еріген май шам сияқты, ери
бастады. Күздегі сары жапыраққа ұқсап, сарғая баста-
ды. Уақыт жетіп, төсектен тұра алмай қалды. Шара-
сы қалмаған, уайым жеген патша талай атақты шебер
тәуіптердің бәрін жинап алып оларға:
– Менің де, күңімнің де өмірі сіздің қолыңызда, - дей
отырып, бұл дерттің шипасын табуларын талап етті. Өз
Дәрежесіне, мақамына көңіл бөлмей әлсіздік халінде
қатты жалынды.
Тәуіптер дандайсып:
– Сұлтаным! Әрқайсысымыз тәуіпшілікте өз заманы-
мыздың Исасымыз! Біз емдей алмайтын дерт жоқ екенді-
гін білгеніңіз жөн болар! - деді.
«Иншалла» (Құдай қаласа) деген жоқ. Сондықтан бұл
менменшіліктері өздерін ұятқа қалдырды. Жасап бер-
ген дәрілерінің пайдасы тимеді. Пайдасы былай тұрсын,
күңнің кеселін одан сайын күшейтіп жіберді. Байғұс күң
күн өткен сайын әбден азып-тозып кетті. Мұны көрген
патша уайымға батты. Шөл сияқты бауыр еті елжіреп,
қурап, алқымынан алды. Тәуіптердің әлсіз екенін кеш