Previous Page  76 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 278 Next Page
Page Background

-76-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Хазіреті Мәуләнәның жан тілінде:

«Алтын деген не, жан деген не? Інжу-маржанның

қандай қадірі бар сүйгеніне жұмсалмаса, сүйгеніне

бағытталмаса, пида етілмесе?»

– сөздерімен айтылған

шындық, Хз. Әбу Бәкірдің жағдайын бейнелейтін

сияқты.

Басқа бір күні көңілдер сұлтаны, әлемдердің мырзасы

ХазіретіПайғамбардың(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм) ауы-

рып қалғанын естіген Хазіреті Әбу Бәкір де (радиаллаһу

анһу) қайғысынан ауырып төсек тартып жатып қалған

еді.

Бұл «бірдей болу» себебінен Аллаһ Расулы (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) де:

«Әбу Бәкір менен, мен оданмын. Әбу Бәкір дүниеде де

ақыретте де бауырым»,

(Тирмизи, Мәнақиб, 20)

дей отырып,

рухани әлемдегі бірге болу мен жүректен жүрекке өтетін

ахуал ағысын білдірген. Имам Бухари осы орайда былай

деген:

«Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһу) шомылатын,

әжетхана орындарында да Аллаһ Елшісінің мүбарак

бейнесінің көз алдынан кетпейтіндігін Хз. Пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтты». Хазіреті Әбу

Бәкірдің осы халін көріп, Хазіреті Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім төсегінде жатқанда:

«Бүкіл есіктер жабылсын, тек Әбу Бәкірдің есігі ғана

қалсын!»*

(Жәм-ул Фәуә-ид V 8609)

- деген илтипаты мен

жүрекке болатын ахуал ағысын қандай тамаша бейнеле-

ген.

Шәйх Сади Ширази ахуалдардағы жұғу мен өту ерек-

шелігін былай баяндайды:

* Ол кезде мешіт үйлерден бөлек емес, үйден тікелей мешітке кіретін

есіктер бар еді.