-71-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Шәйх Ұбайдұллаһ Ахрар достарына былай деп наси-
хаттайды:
«Сопылық
жолына
ғашық
болмағандармен
сұхбаттасып отыру, жүрекке әлсіздік, үмітсіздік беріп,
жаныңды сығып, көңіліңді суытады.
Бір күні Баязит Бистамидің жаны қысылып, өзіне-өзі
келе алмай сұхбаттасып отырғандарға:
- Бір қарап шығыңдаршы! Арамызда бөтен біреулер
бар ма екен?» - деді.
Іздестіріп қараса, бөтен ешкім жоқ. Баязит Бистами
жаны жай таппай:
- Жақсылап іздеңдер, аса-таяқтар тұрған жерді де
қараңдар. Егер бөтен нәрсе болмаса, ішкі жан-дүнием
мұндай күйзеліске ұшырамаған болар еді - деді. Олар
қайтадан іздестіріп қараса, асатаяқтардың арасында
бөтен таяқ тұр екен. Ол таяқты сыртқа шығарғаны сол-ақ
еді, шәйхтың жаны жай тапты.
Бір күні Хазреті Ұбайдұллаһ Ахрар жанына келген ту-
ысына:
- Сенен бөтен иіс шығып тұр. Сен бөтен біреудің киімін
киіп алғансың-ау шамасы - дейді. Туысы қайран қалып:
- Иә, дәл солай - деді де, барып киімін ауыстырып кел-
ді.
Осыған ұқсас тағы бір оқиға Юсуфпен (аләйһиссәләм)
мен әкесі Яқұб (аләйһиссәләм) арасында болды. Хазіреті
Яқұб өз қасиеттерін баласыЮсуфтың бойынан көргеннен
кейін басқа балаларына қарағанда, оны ерекше жақсы
көрді. Оның баласына деген махаббаты соншалықты,
кейіннен Юсуфтың көйлегі Мысыр елінен жіберіліп әлі
өзіне жетпей тұрғанда өзі Кенан деген жерде болса да
көйлектің иісін ала бастады. Алайда Оны басқа ешкім сез-
бей тұрған еді. Рухани ахуалдың заттарға да әсерін тигі-
зіп отырғанына қарағанда заттан да сезімтал болғанында