316
Сафиия Әбдулмутталибқызы
“...Ол мұндай азапқа Аллаһ үшін төзді. Бұдан асқан
мәртебе бар ма? Біз Аллаһ жолында бұдан да ауыр
азапқа разымыз...”.
(Сафиия)
Ислам туы биікте желбіреп, мейірім шуағы
адамдардың жүректерінде орнығуы үшін барын
аямаған сахабалардың арасында ерлігі ерлердікінен кем
болмаған даңқты сахаба әйелдер де бар еді. Солардың
бірі – есімі алтын ғасыр қаһармандарымен бірге аталған
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) апайы хазірет Сафиия.
Хазірет Сафиия (р.а.) жетім қалған кішкентай бау-
ырына анасын жоқтатпауға тырысатын. Аллаһ расулын
(с.а.с.) жанындай жақсы көріп, одан қолынан келген
жәрдемін аямады.
Арада көп жылдар өтті. Сүйікті бауырына
пайғамбарлық келген кезде еш шәк келтірместен,
иман келтіріп, алғашқы мұсылмандардың алдыңғы
қатарында болды. Бала кезінде Пайғамбарымызды
(с.а.с.) мейірімімен шомылдырған хазірет Сафиия бау-
ыры өзінің Пайғамбарлығын жариялағаннан кейін оған
қолдау көрсетіп, Исламның кең қанат жайып таралуы
үшін жанын салды.
Тағдырдың қызық ісіне қараңыз, ол бауыры хазірет
Мұхаммедке үлкен көмекші болса, ал, ағасы Әбу Ләһәб
оған дұшпандық жасағандардың басы-қасында болды.
Әбу Ләһәб Пайғамбарымызға және мұсылмандарға
азап көрсетуден шексіз ләззат алатын. Бір күні Әбу
Ләһәбтің Пайғамбарымызды жәбірлегенін естіп, төзімі