318
Cаңлақ cахабалар
Қолына қылыш ұстай алатын барлық ерлердің май-
дан алаңында мұрындарына су жетпей жүргенін пай-
даланып, әлдебір яһуди, қорғансыз жандарды өлтіру
ниетімен әйелдер мен балалар тығылған үйге баспа-
лап жақындайды. Мұны хазірет Сафиия байқап, қария
Хассанға айтады. Хассанда дұшпанға қарсы тұралық
қауқар жоқ еді. Хазірет Сафиия жауды жайғауды өз
қолына алуына тура келді. Оның қолында ағаштан
басқа қару да жоқ болатын. Яһудидің артынан жайлап
барып қолындағы ағашымен басынан ұрады. Құлаған
яһудиді жатқан жерінен тұрғызбай соққының астына
алып, әп-сәтте жер құштырды.
Жасы алпысқа таяған қаһарман әйелдің соғыс
алаңдарында көрсеткен ерліктері де айрықша. Ұхұт
шайқасы кезінде хазірет Сафиия биіктеу бір төбеге
шығып, соғыс алаңына көз тігеді. Мүшріктердің сүйікті
бауырына қатер төндіруінен қорықты. Осы кезде
мұсылмандардың жеңіліске ұшыраған хабарын естіп,
бір орнында байыз таппай, қасына бірнеше әйелді
ертіп майдан алаңына тартады. Алғаш кездескен жау-
ынгерден Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жағдайын сұрайды.
Пайғамбардың тірі екенін естіп қуанады, бірақ бауы-
ры хазірет Хамзаның (р.а.) шейіт болғанын да естиді.
Бауыры Хамзаның денесін көзімен көргісі келіп іздеуге
кіріседі. Мұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зүбәйр
ибн Әууәмға: “Анаңа айт, кері қайтсын. Бауырының
бұл күйдегі денесін көрмесін”, – деді. Хазірет Зүбәйр
анасына Пайғамбарымыздың “кері қайтсын” дегенін
айтып, тоқтатқысы келді. Ал, хазірет Сафиия (р.а.)
денесі не күйде болса да бауырын соңғы рет көргісі
келіп: “Мен онсыз да оның тілім-тілім кескіленіп,
мылжа-мылжа болғанын естіп келемін. Бауырымның