Previous Page  319 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 319 / 336 Next Page
Page Background

319

Сахаба аналар

қандай халде екенін көрмей, кері қайта алмаймын. Ол

мұндай азапқа Аллаһ үшін төзді. Бұдан асқан мәртебе

бар ма?! Біз Аллаһ жолында бұдан да ауыр азапқа

разымыз. Сабыр сақтап, шыдаймын. Сабырымның

сауабын тек Аллаһтан күтемін”, – дейді. Анасынан

осындай жауап естіген баласы Зүбәйр мұндай сабыр-

лы ананың ұлы болғаны үшін Аллаһқа шүкірлік етті.

Пайғамбарымызға (с.а.с.) анасының жауабын сөзбе-

сөз жеткізгенде, Пайғамбарымыз: “Олай болса жібер,

көрсін”, – деп рұқсатын береді.

Хазірет Сафиия бауыры Хамзаның (р.а.) адам

танығысыз, жантүршігерлік денесінің қасына келді.

Өкпесі суырылып алынған, құлақ-мұрны кесіліп, денесі

әбден мылжаланған. Сабырлы Сафиия Аллаһтың

тағдырына мойынсұнып былай деді, “Аллаһым, біз

сенің құлдарыңбыз. Сенен келдік, саған қайта орала-

мыз. Бауырымның күнәлары болса, кешіре гөр!”.

Пайғамбарымыз әпкесінің сабырлығына разы

болып, періштелердің Хамзаны “Аллаһтың және

Расулының арыстаны” деп жазғанын хабарлайды.

Пайғамбарымызды өз баласындай жақсы көрген

хазірет Сафиия (р.а.) Ғаламның рақым нұры (с.а.с.)

бақилық болғаннан кейін он жылдай өмір сүріп, екінші

халифа Омардың тұсында қайтыс болды. Ол бақи маза-

рына жерленді

315

.

* * *

315

А. Шаннауи, ниса’ус-сахаба, ауд. Т. Узун, Сахабе хаятындан

таблолар, Анкара, 1991, 3:244-251; Сахабилер ансиклопедиси,

2: 792-795.