323
Сахаба аналар
көрсетілмейді” деп қоқан-лоққымен үркітсе, әлдебір
саудагер иман келтірсе “сенің саудаңды зиянға
ұшыратып, мал-мүлкіңді құртамыз” деп қорқытатын.
Егер қолдаушысы жоқ әлсіз бір адам мұсылмандықты
қабылдай қалса, оның басына әңгіртаяқ ойнататын.
Ясир отбасын дінінен бас тартқызу үшін мүшріктер
оларға көрсетпегенді көрсетті. Алайда олар бар
қиындыққа төзіп, жүрегінің төрінен нық шегедей орын
алған имандарын сатып кетпеді.
Күндердің бір күнінде Ясир отбасын мүшріктердің
азаптап жатқанын көрген Аллаһ расулы жаны күйзеліп,
оларға: “Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Аллаһ сіздерді
жәннатқа қояды”, – деп жігер беріп, Аллаһқа дұға жа-
сады.
Дінінен бас тартпаған Ясирді мүшріктер азаптап
өлтірді. Ясир – Ислам тарихында иман жолында шейіт
болған алғашқы кісі.
Хазірет Сүмәйя кәрі әрі әлсіз болғанына қарамастан
мүшріктердің көрсеткен ең ауыр азаптарына төзе білді.
Олар қинаған сайын жүрегіндегі иман оты қоздай түсті.
Сүмәйяны қинауды Әбу Жәһил өз мойнына алады:
– Аталарыңның тәңірлерін тастап, Мұхаммедтің
тәңіріне бас июге қалайша дәтің барады? – деп доқ
көрсетті. Иманынан күш алған Сүмәйя зұлымдықтан
көзі қарайған Әбу Жәһилге:
– Мені тура жолға салған Аллаһтан бас тартпай-
мын, – деді. Құдіреті күшті Аллаһтың бір екендігін
ақылына сыйдыра алмаған азулы мүшрік:
– Олай болса маған сол тәңіріңді көрсетші, кәнеки,
– деп оны мазақтайды. Қараңғылық дәуірінің ақылға
сыймас әдеттері мен сенімдерінен жиіркеніп, Ислам
нұрынан қуат алған Сүмәйя, мына аятты оқыды: