Previous Page  329 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 329 / 336 Next Page
Page Background

329

Сахаба аналар

Сахабалар иманның негіздеріне кәміл сенді.

Хазірет Әлидің “Құдіреттің күшімен ғайыптың пердесі

ашылып, ақиқаттарды жалаң көзіммен көрсем де има-

ным артпайды. Өйткені, қалай иман ету керек болса,

мен солай сендім” деген сөздері айқын дәлел.

Олардың ақыретке деген сенімдерінің мықтылығы

сондай, бұл дүниенің шындығынан гөрі ақыреттің

ақиқаттығын мойындап, біз бұл дүниеде өмір сүруге

қалай құлшынсақ, олар бақиға аттануға құштар бол-

ды. Сахабалар бұл дүниені жүректерінде тәрк етсе де,

тіршілікте тәрк етпеді. Қайта бұл дүниеге бақидағы

бақытқа жетудің баспалдағы ретінде қараған. Ешқашан

дүниеге құлдық ұрмады. Бақытты өткінші ләззаттардан

іздемеді.

Осынау иман қаһармандары Ислам жолына

шақырылған кезде,

“Ей, Раббымыз! “Раббыларыңа

иман келтіріңдер” деп шақырған шақырушыны

(хазіретМұхаммед немесе Құран) естіген кезде бірден

иман еттік”

325

,

– деп жауап берген сахабалар Аллаһ

расулын (с.а.с.) жандарынан артық жақсы көрді. Оған

өмірлерінің соңына дейін мойынсұнып, қасық қаны

қалғанша қорғауға сөз беріп, сөздерінде тұрды. Олар

әрқашанда: “Әке-шешем, дүние-мүлкім, бала-шағам

және жаным жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ”–

деп кетті. Шынайы бақытқа қол жеткізудің оңай емес

екендігін білген сахабалар, кейбір қиындықтардан өту

керектігін де о бастан қабылдап, бастарына түскен

ауыртпалықтарға мойымай, Аллаһ расулының (с.а.с.)

қасиетті дінді өрістету жолында бары мен базарын

құрбан етті.

325

Әли Имран, 193.