Previous Page  332 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 332 / 336 Next Page
Page Background

332

Cаңлақ cахабалар

сезінулері, Аллаһты тану тұрғысынан алғанда оларға

тең келетін ешбір жамағат жоқ. Олар кемел адам (инса-

ну камил) болу жолын ашқан адамдар еді. Сенімдерінің

арқасында олар ғаламат жетістіктерге жету арқылы

кейінгілерге үлгі болды.

Сахабаларды Аллаһ тағаланың өзі Құранда: “шы-

найы мүмин”, “Аллаһтың разылығына ие болғандар”,

“құлшылыққа берілгендер”, “турашыл/шынайы”,

“ақыретте (азаптан) құтылғандар”, “оларға кешірім, сый

және Жәннат берілетіндіктері”

326

айтылған бақыттылар

деп мадақтау арқылы дәрежелерінің қаншалықты

жоғары екенін көрсетеді.

Міне, осылардың барлығы Құранның нұр әрі тура

жолға бастаушы иләһи кітап, хазірет Мұхаммедтің

(с.а.с.) Ұлы Жаратушының Ардақты елшісі екендігін

айқын көрсетеді.

Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнып, Расулының

нұрлыжолымен, жұлдыздаршоғырындай сахабалардың

сара жолымен жүргенде ғана адамзат қараңғы қапастан

анық құтылады. Әрі ақыретте де мәңгі бақытқа қол

жеткізеді. Ислам қарлығаштары – сахабалардың нұрлы

өмірлері бұған дәлел. Аллаһ бізге де сахабалар сияқты

ақиқатқа жетуді жазсын! Әмин!

326

Е.Чапан, Кур‘ан-ы Кәримде сахабе, Измир, 2002, 411-б.