331
Сахаба аналар
Аббас! Мұхаммед сахабаларына бір нәрсені бұйырса,
олар әмірін екі етпей сол мезет орындай ма?”, – деп
сұрағанда: “Иә, уаллаһи, егер Аллаһ расулы ішіп-жеуді
доғаруды әмір етсе, олар мұны да орындайды”, – де-
ген еді. Аллаһтың жол көрсетуші етіп жіберген Екі
жаһан Сұлтанын (с.а.с.) сахабалар осылайша жақсы
көріп, айтқандарын екі етпегендіктен де, Аллаһ оларды
ұлылыққа, жетістікке жеткізді. Шын мәнінде ұлы тұлға
Мұхаммед (с.а.с.) Аллаһтың қолдауымен, жүректердің
сүйіктісі, ақылдардыңжетекшісі, нәпсілердің тәрбиешісі
және көңілдердің Сұлтаны болды.
Олар ең жоғарғы мақсатқа жету жолында жеке
құлшылықтарына айрықша мән бергені сияқты, халыққа
Ислам ақиқаттарын жеткізу жолындағы міндеттерін де
ең жоғарғы дәрежеде орындады. Күллі адамзатқа Ис-
лам нұры мен қуатын таныту жолында жандарын сал-
ды. Жүз мыңға жуық сахаба болған болса олардың он
мыңға жуығы ғана Хижаз аймағында, қалған тоқсан
пайызы Аллаһтың дінін жаю үшін барған жерлерінде
қайтыс болып, сол жерлерде жерленген.
Сахабалар Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тәлім
алғаннан кейін бойларындағы асыл қабілеттерін
кемелдендіріп, Ислам жолында жұмсады. Олар
құлшылықта терең, бір-біріне деген бауырмашылықтың
тамаша үлгісін паш етіп, өзгелерге мейірімділік
көрсетіп, жанашырлық танытты. Олардың бойындағы
жақсы қасиеттерді көріп, шынайылықтарына көзі жет-
кен басқа көптеген адамдар да иман етіп, Исламды өз
еріктерімен қабылдаған еді.
Құран мен Аллаһ расулының тәрбиесінде өскен
сахабалардың діни өмірлері, ойлау өрісі, тамаша
мінез-құлықтары, құлдықтың сырларын бойларында