330
Cаңлақ cахабалар
Пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктерінде шек
жоқеді. БәдіршайқасыныңалдындаПайғамбарымыздың
сахабаларымен жасаған кеңес мәжілісінде Сағд ибн
Муаздың мына сөздерінен оны айқын аңғаруға болады.
Ол: “О, Аллаһ елшісі! Біз саған иман келтіріп, айтқанына
сендік. Бізге жеткізгендеріңнің ақиқат екендігіне куәлік
еттік. Сені тыңдап, Өзіңе бағынамыз деп ант іштік. О,
Расулаллаһ, қалай қаласаң, солай жаса. Сені ақиқатпен
жіберген Аллаһқа ант етейін, бізге теңізді көрсетіп оған
түссең, ешқайсымыз тартынбастан тегіс сенімен бірге
сүңгиміз”, – деген болатын.
Хазірет Әлиден: “Сіздер Аллаһтың Елшісін қалай
жақсы көретін едіңіздер?”, – деп сұрағанда, ол: “Аллаһ
расулын біз бар дүние-мүлкімізден, бала-шағамыздан,
әке-шешемізден де артық жақсы көретінбіз. Оны ми
далада бір жұтым суға жетуді аңсағаннан да артық
аңсайтынбыз,” – дейді.
Аллаһ расулы (с.а.с.) Меккені азат етуді көздеп
қалаға жақындаған тұста, ол кезде әлі мұсылман
болмаған Әбу Суфиян сахабалардың Пайғамбарымызға
деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін көріп,
қасындағы хазірет Аббасқа “Әй, Фазылдың әкесі! Мен
бұл күнге дейін не Кисраның сарайында, не Гректердің
басшыларында сенің бауырыңның баласындағыдай сал-
танатты көре алмадым”, – деп таңғалады. Аббас: “Бұл
–
салтанат емес, пайғамбарлық. Оның мұншама жақсы
көрулерінің себебі де осында. Сен де иман келтір”, –
деді.
Сәлден кейін мұсылмандар жамағатпен намазға
тұрды. СахабалардыңПайғамбарымызға (с.а.с.) құрметі,
мойынсұнушылығы мен сүйіспеншілігіне айран-асыр
аңтарылған Әбу Суфиян шыдай алмай Аббастан: “Әй,