Previous Page  328 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 328 / 336 Next Page
Page Background

328

Түйін

Кітапта сахабалардың Ислам тарихындағы орны

мен үлгі-өнегелі ғұмырларын олардың өмір сүру

ғұрыптарынан деректер келтіре отырып көрсетуге

тырыстық.

Сахабалар Құранның құнды дәстүрлерін Аллаһтың

Елшісі хазірет Мұхаммедтен (с.а.с.) үйреніп, жүзеге

асырды. Олардың ең маңызды істерінің бірі – Құранды

түскен күйінше өзгеріссіз сақтап, кейінгілерге

жеткізулері. Аллаһтың құдіреті, Пайғамбарымыздың

жігері және сахабалардың берілгендіктерінің арқасында

Құран басқа қасиетті кітаптар сияқты өзгеріске

ұшыраудан аман қалып, біздің заманымызға жетті.

Бұл құттытұлғаларАллаһқа толық сеніп, сенімдерін

іс жүзінде көрсете алды. Олар Ұлы Жаратушы

Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екендігіне, дүниедегі және

ақыреттегі биліктің, салтанаттың тек қана Аллаһтың

билігінде, Оның бар нәрсеге құдіреті жететіндігіне

кіршіксіз сеніп, иман жолында еш нәрседен тайсалма-

ды. Шынайы бақытқа жету жолының Аллаһқа иманда

екендігін әлемге паш етті. Бұл жолда малын да, жанын

да аямады. Олардың имандарының беріктігі жайлы

Құранда:

“Оларға адамдар: “дұшпандарыңыз сен-

дерге қарсы қол жинады, қорқыңдар”,

дегенде, бұл

сөз олардың иманын арттыра түсті де “Аллаһ бізге

жетіп асады. Ол нендей жақсы көмек иесі” деді”

324

,

делінген.

324

Әли Имран, 173