327
Сахаба аналар
Аллаһ елшісінің бұл ұсынысын Зәйд ибн Хариса
құп алады. Ол тұста Зәйд қылшылдап тұрған жас жігіт
еді. Өзінен жасы әлдеқайда үлкен әйелмен үйленуді
Аллаһ расулын разы ету үшін қабыл етті. Пайғам-
барымыздың (с.а.с.) разышылығын алу дүниелік
ләззаттардың бәрінен ол үшін қымбат еді. Бұл қасиетті
некеден ұлы сахабалардың бірі, Ислам әскерінің
қолбасшысы Усама дүниеге келді
322
.
Үмму Айманды Пайғамбарымыз ерекше ыстық
ықыласпен жақсы көріп, анасындай құрмет көрсетіп,
әрқашан жағдайын сұрап тұратын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін
хазірет Омар Әбу Бәкір Сыддыққа: “Аллаһ расулы
тірі кезінде Үмму Айманның жағдайын үнемі сұрап
тұратын. Біз де оның жағдайын сұрап қайтайық”, –
деп екеуі оның үйіне барады. Аллаһ расулының (с.а.с.)
достарын көрген Үмму Айман еріксіз лықсып келген
көз жасына ие бола алмайды. Одан: “Неге жылайсың?
Расулаллаһтың Аллаһтан алатын сауабының қайырлы
екенін білмеймісің?”, – деп сұрағанда, ол: “Әрине,
білемін. Әлбетте, Расулаллаһ үшін Аллаһтың беретіні
қайырлы. Бірақ мен уахидің тоқтағанына жылаймын”,
– дейді. Бұл сөз Пайғамбарымыздың жан серіктеріне де
қатты әсер етіп, олар да қосылып егіле жылады
323
.
Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір,
Омар және басқа сахабалар да ерекше құрмет көрсеткен
хазірет Үмму Айман (р.а.) Осман ибн Аффанның
халифалығы тұсында бақиға аттанды.
***
322
Бабанзаде А. Наим, Сахих-ы Бухари мухтасары тәжриди
сарих тержумеси, Анкара, 1982, 4:381.
323
Муслим, фадаилус-сахаба, 103, (2453).