317
Сахаба аналар
сарқылған ол ағасы Әбу Жәһилге барып: “Бауырыңның
ұлына және ол әкелген дінге көмектеспеу саған жара-
спайды. Кітап иелерінің (яһуди, христиан) ғалымдары
Әбдүлмүттәліптің ұрпақтарынан пайғамбардың
шығатынын айтады. Сол пайғамбар – бауырымыз
Мұхаммед”, – деп, оның жүгенсіздігін тежемек болды.
Алайда ол кезде әйел адамның сөзі тыңдалушы ма еді.
Әбу Ләһәбқа асыл сөзін қор қылғанына көзі жеткен
хазірет Сафиия ағасынан түңіліп қайтады.
Ағасына сөзі өтпей, шамырқанған Сафиия ұлы
Зүбәйрді Ислам қаһарманы етіп өсіру үшін құйтақандай
кезінен темірдей тәртіпке баулып, қиындыққа төзімді
етіп тәрбиеледі. Кей-кездері шықпыртып сабап та
алатын. Баласына жаны ашығандардың неге мұнша
қатал тәрбиелейтінін сұрағанда: “Төзімді болып өсуі
үшін осылай істеймін. Өйткені, ол келешекте әскерді
басқарады”, – деп жауап беретін. Ол тәрбиесінің жемісін
де көрмей қалған жоқ. Ұлы Зүбәйр ердің ері болып
өсіп, көзі тірісінде Жәннаттық болып сүйіншіленген он
кісінің бірі, Исламның жанкешті қаһарманы болды
314
.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға қоныс
аударғанда ол да баласы Зүбәйр ибн Әууәммен бірге
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артынан кетті. Осылайша
Аллаһ жолында һижрет ету даңқына ие болды.
Ол Ислам тарихында “Кәпірді жер жастандырған
алғашқы мұсылман” атанды. Бұған себебші Хәндәқ
шайқасындағы бір жағдай еді:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) егде тартып әрі денсаулығы
нашар болғандықтан, Хәндәқ шайқасында балалар мен
әйелдерді Хасанның қасына тастап шыққан еді.
314
Оның өмірі жайлы толығырақ мәлімет алу үшін алдыңғы
бөлімдердегі Зүбәйр ибн Әууәм тақырыбына қараңыз.