Уытқұмарлық – эйфорияны тудыру мүмкіндігі бар
уытты химиялық заттарды тұтынуға шектен тыс құнығу
жағдайы.
Эйфория
– есірткі немесе уытты препараттарды
қолданудан туындайтын масайрау, масаю халі.
Абстиненттік синдром
– ауыр дене дімкәстану-
ларымен (әлсіздік, қалтырап-дірілдеу, құсу, дамылсыз іш
өту, сілекей ағу, терлеу), психика және мінез-құлықтағы
ауытқулармен (ұйқының бұзылуы, елес, сандырақтау,
шошыну) сипатталатын жалпы организм қызметінің
бұзылуы. Абстиненттік синдром есірткіге немесе уыт-
ты затқа тәуелді адам препараттарды қабылдауды бірден
тоқтатқан жағдайда пайда болады. Оны жеңілдету немесе
толық жою тек есірткіні, я болмаса қажетті уытты затты
енгізу арқылы арнайы ем жүргізу жолымен жүзеге асы-
рылуы мүмкін.
ЕСІРТКІ
105