Previous Page  100 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 152 Next Page
Page Background

гольді ішімдікке қарсы күресудің айрықша модельдеріне

жеке-жеке тоқталатын боламыз.

1. Американдық модель.

Бұл модельдің бас-

ты ерекшелігі – алкогольді ішімдік өндірісі мен

саудасына қатаң салықтық-фискальдық ауыртпалықтың

енгізілуі. Американдық модельді ұстанатын елдерде ал-

когольді өнімдерге деген салық жүгі шамадан тыс артық

болғандықтан, ішкі нарыққа арақ-шарап өндіру мен сату

іс жүзінде тиімсіз. Мұндай елдерде арақ-шарап өндірісі

көп ретте сыртқы нарыққа бағыт алады. Американдық

модельді ұстанатын елдер қатарына: АҚШ, Канада, Мек-

сика, Чили, Түркия жатады.

2 Мұсылмандық модель.

Мұсылман елдерінің көп-

шілігінде алкогольді ішімдік тұтыну, сату, тарату қатаң

түрде заңмен тыйым салынған. Жалпы Ислам дінінде ал-

когольді ішімдік ішу және сату харам саналғандықтан,

бұл елдердің халқы түгелдей салауатты өмір салтын

ұстанады. Мұндай елдердің қатарына Иран, Сауд Арабия-

сы, Кувейт, БАӘ, Пакистан т.б. жатады.

3. Қытайлық модель.

Қытайлық модельді ұстанатын

елдердің қатарына Қытай, Үндістан, Шри-Ланка, Вьетнам,

Тайланд, Корея, Непаль т.б. Оңтүстік Азия елдері кіреді.

Аталғанелдердіңсалт-дәстүрлеріндеалкогольді өнімдерді

тұтынуға қарсы көптеген ескертулер бар. Сондықтан

жалпы халық ішімдіктен мейлінше ұзақ тұруды жөн са-

найды. Сонымен қатар, мемлекет те елдің салауатты өмір

салтын дәріптейтін салт-дәстүрлеріне қашанда қолдау

жасап отырады. Мәселен, Қытай Халық Республикасын-

да арақ-шарап тұтыну мөлшері жылына орташа алғанда

жан басына шаққанда 50 грамнан ғана түседі екен.

4. Скандинавиялық (батыс еуропалық) модель.

Бұл

модельдің басты ерекшелігі – салауатты өмір салтын енгі-

зу үшін мемлекет пен қоғамның белсенді әрі жүйелі түрде

100

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет