Previous Page  98 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 98 / 152 Next Page
Page Background

Заң жобасын әзірлеуге осыдан 3 жыл бұрын Елбасының

өзі тапсырма берген еді. Заңның 159-бабына сәйкес жасы

21-ге толмаған азаматтарға ішімдік өткізуге тыйым

салынған («ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау

жүйесі туралы» Кодексі, №193-ІV ҚРЗ, Астана, 2009).

Жасөспірімдердің

алкогольді

өнімдерге

үйір

болуының алдын алу үшін жастарда маскүнемдікке

деген қарсы пікірін қалыптастыруға бағытталған адам-

гершілік тәрбиеге басымдық беру қажет. Жастар арасында

маскүнемдікке қарсы жүргізілетін үгіт-насихат пен ал-

дын-алу шаралары науқандық сипатта емес, мақсатты

түрде жүйелі жүргізілгенде ғана оңды нәтижесін береді.

Мұндай тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру барысында

жас жеткіншектердің психологиялық және жас ерек-

шеліктерін ескеру керек. Ұлттың болашағы салауатты

өмірмен тікелей байланысты екендігін ескерсек, тәрбиелік

жұмыстарға тұтас қоғам атсалысқанда ғана оңды нәтиже

күтуге болады. Әрине, бұл бағытта жанұя мен мектептің

өте үлкен рөлі және жауапкершілігі бар екендігін ескеру

қажет.

Жас жеткіншектер мектеп пенжанұяда салауатты өмір

салтын насихаттайтын ізгі тәрбиемен сусындауы қажет.

Осы тәрбиені көп ретте көшеде және бұқаралық ақпарат

құралдарында орын алып жататын анайы құбылыстар

бұзады. Баланың жаңадан қалыптасып келе жатқан сана-

сезімінде қарама-қайшылықтар туындайды. Егер жанұяда

ата-ананың өзі балаға үлгі-өнеге болудан аулақ жүрсе, жас

жеткіншектен отанына, ұлтына, дініне пайдалы тәрбие

күтудің өзі орынсыз. Өйткені «ұяда не көрсе, ұшқанда

соны іледі» деген халық даналығында айтылғандай, жас

ұрпақтың азғындыққа салынуына тікелей өзіміз кінәлі

боламыз.

98

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет