Previous Page  94 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 152 Next Page
Page Background

Өйткені, нәзік жандылар көп ретте маскүнемдік ауруын

жасыруды жөн көреді екен.

Мамандар әйелдер арасындағы алкоголизмнің еркек-

терге қарағанада аса қауіпті болуының себептері ретінде

мыналарды атайды:

– Әйелдер арақ-шарапты көбіне жасырып жалғыз

ішеді. Сондықтан ет жақын жанашырларының өзі әйелдің

алкогольге үйір бола бастағанын байқамауы да мүмкін.

Сонымен қатар, әйелдер өзінің қоғамдық ортасында

маскүнем екенін жасыру, білдіртпеу жағынан еркектерден

әлдеқайда шебер болатын көрінеді.

– Әйелдер ерлерге қарағанда тез мас болады.

Сондықтан ішімдікке салыну мүмкіндігі өте жоғары. Бас

жазу синдромы ерлерге қарағанда әйелдерде қаттырақ

байқалады. Мұндай жағдайларда әйелдер депрессияға

ұшырайды. Мастықтан айыққаннан кейін көңіл күйі

болмай, денесі ауыр тартып тұрады. Мұндай жағдай ер-

лерде де болады. Дегенмен бас жазу синдромына төтеп

94

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет