Бұл аяттың да ішкілікті мүлдем харам қылмағанын
аңғарған бірқатар мұсылмандар осынау жаман әдеттен
арыла алмай, ішімдік ішуді жалғастыра береді.
Бірде Мұһажирлер (Меккеден Мәдинаға көшіп кел-
ген мұсылмандар) мен Ансарлардың (Мәдиналық
мұсылмандар) арасында ішкіліктің қызуымен кикілжің
туындайды. Кикілжіңнің арты ұрыс-төбелеске ұласады.
Ертесiне мастығы тарап, есiн жинаған мұсылмандар iсте-
ген iсiне опық жеп, өкiнеді. Осы оқиғадан кейiн Құранның
ішкілікті толықтай харам қылған «Ей, мүминдер! Арақ,
құмар ойнау, пұттарға табыну, оларға мал шалу және
бал ашатын шыбықтар – шайтанның лас iстерi. Олар-
дан сақтаныңдар. Сонда ғана Аллаһтың азабынан
құтыласыңдар. Негiзiнен, шайтан арақ және құмар ойын
арқылы араларыңа алауыздық, әрi кек салып, Аллаһты
еске алудан және намаздан қол үздіруді қалайды» («Маи-
да» сүресі, 90-91-аят) деген аят түседі.
Осы аят түскеннен кейiн, Мәдинадағы ішімдік ішкен
мұсылмандар үйлеріндегі iшкiлiктің барлығын көшеге
төгеді. Анас ибн Малик бұл оқиғаға қатысты: «Iшкiлiкке
тыйым салынғаннан кейiн, бiз үйлерiмiздегi арақ-шарапты
көшеге шығарып төктiк. Төгiлген iшiмдiктiң көптiгi сон-
ша – бiрнеше күн бойы Мәдинада iшкiлiктiң иiсi мүңкiп
тұрды», – деген екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдина
тұрғындарынан үйлерiндегi арақ-шарапты шығаруын
бұйырып, ыдыстардағы iшкiлiктi өз қолымен төгеді. Осы
күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) «Аллаһ Тағала арақты iшкенді,
сатқанды, сатып алғанды, дайындағанды, дайындауға
тапсырыс бергенді, тасымалдаушыны лағынеттедi!» – деп,
ішімдіктің түрлі күнәнің бастауы екендігін баяндайды.
Міне, осы сәттен бастап сахабалардың ешбiрi де iшiмдiк
iшпеген және ішімдік саудасымен айналыспаған.
89
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ