Физиологиялық ем (дәрімен емдеу).
Алкоголизмді
емдеуде кеңінен қолданылатын «disulfarm» дәрісін
даниялық Эрик Жакобсон 1948 жылы ойлап тапқан. Бұл
тәсілде маскүнемге дәрігердің бақылауында дәрімен бірге
арнайы белгіленген мөлшерде алкоголь де беріп отырады.
Дисульфарм дәрісі мен алкогольді қатар қабылдаған соң,
көп уақыт өтпей-ақ маскүнемнің іші өтіп, құса бастайды.
Қан қысымы күрт төмендеп, жүрек соғуы жиілей түседі.
Жағдайы кеткен маскүнем өлермен халге дейін барады.
Жалпы дисульфармды ішкеннен кейін, алкоголь қолдану
маскүнемнің өміріне үлкен қауіп төндіреді. Маскүнемнің
өзі де бұл кезеңде алкогольге тәбеті тартпайды. Осы
мүмкіндікті пайдаланаотырыпдәрігер-мамандар аурудың
алкоголь қолдануды әдетке айналдырған психологиялық
тәуелділіктен құтылуына қажетті алғышартты жасайды.
Қазіргі уақытта алкоголизмді емдеу барысында дисуль-
фарм, нальтраксон, акомпрасейт сынды дәрі-дәрмектер
дәрігер бақылауында қолданылады.
Жек көрсету.
Америкалық психиатр Воектлин
(W.L.Voegtlin) ауруға алкогольді өнім ішерден бұрын
құстыратын иньекция жасап, алкогольді жек көрсету
тәсілін қолданған. Бұл иньекция жасалғанда, алкогольді
сусын ас қорыту жүйесіне жетпей жатып-ақ маскүнемде
іш өту және құсу басталып кетеді. Осылайша маскүнем
ішімдіктің дәмінен, иісінен, тіптен түрінен жиіркенетін
болады. Бүгінде Еуропа елдерінің көбінде осы тәсіл неме-
се осыған ұқсас тәсілдер кеңінен қолданылады.
Арнайы витаминдер мен гармондар қабылдату.
Бұл
терапияны қолданатын мамандар алкоголизмнің себебін –
адам ағзасында кейбір витаминдерге деген қажеттіліктің
артуынан деп есептейді. Сондықтан емдеу барысында
маскүнемге арнайы мақсаттағы күшті витаминдерді бе-
реді.
85
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ