Осыған ұқсас келесі бір ем-
деу тәсілін қолданған дәрігерлер
эндокрин (гормон) жүйесіндегі
бұзылу алкоголизмге апараты-
нын алға тартады. Сондықтан
маскүнемге арнайы гармондар
беріле отырып, емдеу-сауықтыру
шараларын жүзеге асырады.
Психотерапия.
Алко-
голизм
психотерапиясында
маскүнемдерді жеке немесе топ-
пен емдейді. Бұл тәсілдің мақсаты
–маскүнемнің ішімдіксіз өмір сүре алатындығына көзжет-
кізу, ішімдікке психологиялық тәуелділіктен құтқаруға
негізделеді. Ауру алкогольді тастаған кезінде психотера-
пия да басталады. Мамандар мұндай жағдайда топтық
терапияның әсері күшті болатындығын алға тартады.
Емдеудің нәтижесі.
Алкоголизмді емдеудің аталған
тәсілдерінің барлығы 100 пайыздық оң нәтиже береді
деу қиын. Өйткені, маскүнемнің ішімдікті тастауға деген
шынайы ниеті мен табандылығы алкоголизмді емдеуде
үлкен рөл ойнайды. Біз айтып өткен емдеу тәсілдерін
қолданғанына қарамастан, маскүнемдікке қайта салынып
кеткен жандар өте көп. Алкоголизмді емдеу ұзақ мерзімді
қажет етеді және ауруға үлкен күш түседі. Ешбір маскүнем
ішімдік іше бастағанда, «алқаш» боламын деп ойламайты-
ны анық. Жапон мақалында айтылғандай, әуелде ішімдік
ішіп жүреді де, кейін келе ішімдік адамды «іше» бастай-
тын күйге жетеді. Сондықтан аурудың алдын алған ең аб-
залы. Яғни, ішімдіктен аулақ болайық, ағайын!
86
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет