Қ
азіргі таңда маскүнем-
дікке салынудың ең
негізгі себебі – азаматтардың
т ұ р м ы с т ы қ - ә л е у м е т т і к
күйзелістері.
Маскүнемдікке
салыну көбінесе әлеуметтік
жағдайы төмен топтарда белең
алғандығы белгілі. Өмірдің
сан алуан қиындықтарымен
күресуге дәрменсіз, жігерсіз
жандар ішімдікке жақын келеді. Мұндай жандар
өткінші де болса көңіл көтеріп, еңсесін езген тұрмыстық
ауыртпашылықтарды ұмыту үшін ішімдік ішеді. Ішімдік
арқылы бір сәтке жаны жай тапқандай сезінгенімен, жүре
келе маскүнемдікке салынып, басындағы мәселелері
бұрынғыдан бетер ушыққанын өзі де байқамайды. Ақыр
соңында, ішімдік ең үлкен дертіне айналады. Ағзасына
әбден сіңгендіктен, тастағысы келсе де тастай алмай
қорлық көреді.
Бір өкініштісі, қазіргі таңда біздің қоғамымызда
да тұрмыстық-әлеуметтік күйзелістер салдарынан
ішімдікке салынған жандардың қатары аз емес. Әсіресе,
ауыл мен мегаполис қалалардың шеткі аудандарында
өмір сүретін тұрмысы төмен азаматтарымыз арасында
ішімдікке салынушылық жиі кездеседі. Жұмыссыздық
салдарынан маскүнемдер армиясының қатары көбейе
түсетіні бүкіл әлем елдеріне тән ортақ құбылыс.
Сондықтан маскүнемдікке қарсы пәрменді күрес жасау
үшін, жұмыссыздықты жою не барынша азайту қажет.
82
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет