қоймайды. Дегенмен, ішімдікке тәуелділік қалыптаса
бастайды.
2. Маскүнемдік стадиясы. Бұл кезеңде спиртті ішімдік-
терге құмарлық дамып, алкогольді өнімдер бұрынғыға
қарағанда жиі әрі көп мөлшерде ішіледі. Адам
ағзасында алкоголь тікелей немесе жанама әсерінен
түрлі ауру-сырқаттар көрініс бере бастайды. Еңбек
қабілеттілігіне едәуір зақым келеді. Әлеуметтік бел-
сенділігі нашарлайды. Айналасындағы адамдармен,
отбасы, дос-жаран, қызметте көптеген келеңсіздіктер
қылаң бере бастайды. Дегенмен әлі де болса алкоголь-
ге физикалық және психикалық тәуелділік қалыптаса
қоймайды. Сондықтан бұл сатыда адам өз еркімен ал-
когольден біржолата бас тарту мүмкіндігі бар.
3. Созылмалы маскүнемдік стадиясы. Бұл кезеңде
алкогольгепсихикалықжәнефизикалық тәуелділікор-
найды. Бұлсатыдаадамарнайысауықтырушарасының
көмегімен ғана алкогольді доғаруы мүмкін. Мұндай
жандардың денсаулығы күрт нашарлайды. Алкоголь-
ден туындаған түрлі аурулар қылаң беріп, еңбекке
деген қабілеттілік күрт төмендейді. Тіптен асқынған
жағдайларда адамның еңбек қабілеттілігі жойылып та
кетуі мүмкін. Түрлі аурулардан көз ашпайтын бола-
ды. Қоғамдық қарым-қатынастары дабылды жағдайға
тап болады. Отбасы, ағайын-туыс, дос-жаран ара-
сында абыройдан жұрдай болады. Маскүнем барлық
нәрседен күдер үзіп, салғырттық пен салақтыққа
бой алдырады. Қазіргі таңда елімізде 60 пайыз
шамасындағы отандастарымыз алкогольді бірінші
стадияда аталғандай эпизодты түрде қолданатыны
үрей тудыратын дабылды жағдай болса керек.
80
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет