шілігінің басты себебі екен. Ішімдік ішетін
адамдардың жүрек науқасы болуы қаупі ішімдік
ішпейтін адамдарға қарағанда өте жоғары. Ішімдік-
ті көп ішу жүрек бұлшық еттеріне орасан үлкен
зардап береді. Жүректің жұмысын нашарлатады. Адам-
ның тыныс алуын қиындатып, адамның басқа да
ағзаларына кері әсерін тигізеді. Дәрігер соңғы кездері
ішімдік салдарынан туындап отырған жүрек аурулары-
ның күрт көбейіп бара жатқанын алға тартып отыр.
Ішімдік ағзадағы жақсы холестериннің мөлшерін азай-
тып, май қышқылдарының шамадан тыс көбеюіне жол
ашады. Осының салдарынан адамдарда семіздік ауруы
пайда болып, жүректің жұмысы нашарлай түседі екен.
Алкогольді өнімді көп тұтынатындарда жүрек қан-тамыр,
бауыр, бүйрек аурулары көбірек кездеседі. Мамандар
мұндай жандардың панкреатит, асқазан, өңеш рагы болу
қаупінің жоғары екенін атап көрсетті.
Алкоголь және бауыр аурулары
Алкоголь бауыр жасушаларының майланып кетуіне,
бауырдың қабынуы мен ісінуіне апарады. Бауырдың негіз-
гі қызметі – организмді сырттан келген зиянды заттардан
қорғау. Бауыр ішімдіктің әсерінен тез әлсіреп, жұмыс істеу
қызметі нашарлап кетеді. Сондықтан адам ағзасы түрлі
қатерлі ауруларға қарсы тұра алмайды. Алкоголь қолдану
бауырдың ыдырауымен бұзылуына әкеледі, көп мөлшерде
ішімдік ішу салдарынан бауыр ауруларының және қатерлі
ісіктердің 20-30 пайызы туындайды. 10 жылдан астам ал-
коголь ішкен адамдар үшін бауыр циррозының пайда болу
ықтималдылығы – 60 пайыз екен. Алкогольді 14 жылдан
астам қабылдағандардың арасында – бауыр циррозының
даму ықтималдылығы 100 пайыз көрінеді.
77
Апатқа апарар үш індет
АРАҚ