Ішімдік жүрек
ауруына жол ашады
Д
үниежүзілік денсау-
лық сақтау ұйымы-
ның мәліметтеріне сүйенсек,
жүрек-тамыр
ауруларының
төрттен
бірі
алкогольді
ішімдікпен байланысты туын-
дайды. Маскүнемдерде жүрек
ауруларының белгілері бауыр
ауруларына қарағанда екі есе жиі байқалады. Этил спир-
тін тек бір рет қабылдаған кезде, капилляр-уыттылық
байқалады. Бұл өзгерістер мида, жүректе, өкпеде,
бүйректе айқын білінеді. Спиртті өнім адам ағзасына ен-
генде, жүрек қызметі айтарлықтай бұзылып, қан-тамыр
қозғалысына нұқсан келеді.
Түркияның Тепежик медициналық ғылыми-зерттеу
орталығы жүрек және қан-тамыр хирургиясы маманы
Мустафа Карачелик ішімдіктің жүректің бұлшық еті
ағзаларына зиян тигізіп, жүрек жетіспеушілігі сырқатына
жол ашатынын дәлелдеді. Мустафа Карачелик Анадолы
агенттігінің тілшісіне берген мәлімдемесінде ішімдікті
көп ішетін адамдарда жүрек, тамыр және рак науқастары-
ның жиі кездесетінін алға тартты. Жүрек жетіспеушілігі
сырқаты жүректің қан айдау қызметін орындай алмауы-
нан туындайтынын баяндаған дәрігер Карачелик ішім-
діктің салдары аталған сырқатпен қоса тамыр аурулары,
жүрек инфаркты, жоғары қан қысымы, жүрек қақпақ-
шасы сырқаттары, диабет, анемия және бүйрек ауру-
ларына сеп болатынын мәлімдеген. Дәрігердің ғылыми
зерттеулеріне сүйенсек, ішімдік жүрек жетіспеу-
76
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет