Previous Page  74 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 74 / 152 Next Page
Page Background

Алкогольдің адам ден-

саулығына

зияннан

басқа

берері жоқ. Сондықтан да

болар қазіргі медицина алко-

гольді жеке дара дәрі ретінде

мүлдем қолданбайды. Алкоголь

көбінесе жүрек, бауыр, асқазан

және бүйрек ауруларының тіке-

лей себебі. Алайда адам ағзасын

біртұтас жүйе ретінде қолға алар

болсақ, ағзаның бір мүшесінде

туындаған ақау өзге мүшелерге

жанама түрде әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан жүрек,

бауыр, асқазан және бүйрек ауруларынан басқа адам

ағзасында туындаған барша ауру-сырқатқа алкогольдің

тікелей болмағанымен жанама ықпалы болатындығы

айдай анық. Алкоголь сонымен қатар ми жасушаларын

зақымдап, адамның ойлау қабілеті мен зейінін ойран-

дайды. Алкоголь көп тұтынылған жағдайда еркектерді

белсіздікке ұрындырады.

Алкогольдің салдарынан туындайтын онкологиялық

аурулар: бауыр рагы, тамақ рагы, ауыз қуысы рагы, көмей

рагы, өңеш рагы, асқазан рагы, ішек рагы, емшек (көкірек

безі) рагы және т.б.

Жүйке талшықтары нәзік болғандықтан, ішімдік

оларды тез әлсіретеді. Ішімдіктің әсерінен адамның

қол-аяғы дірілдеп, сал ауруынан бастап өлімге дейін

апаруы мүмкін. Ішімдік салдарынан туындайтын жүйке

жүйесіндегі аурулар: уайым, қорқыныш, ашушаңдық,

қызғаншақтық, жігерсіздік, ақыл-парасаттың кемдігі,

психиканың бұзылуы, ұйқысыздық, есте сақтау қабілеті-

нің төмендеуі және т.б.

74

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет