Previous Page  70 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 152 Next Page
Page Background

Ішімдікке салыну

қалай басталады?

З

ерттеу барысында адам-

дардың әуел баста ішім-

дікті көбінесе көңіл сергіту

үшін ішетіндігі анықталған.

Ішімдік сататын ойын-сауық

орындарының көптігі де осыны дәлелдейді. Адамдар

ойын-сауық орындарынан басқа жаңа жыл мерекесі, той-

думан, туған күн сияқты мерекелерде ішімдік қолданады.

Қоғамда ең көп жайылған осындай ішімдік ішу түрі кей-

бір адамдар үшін маскүнемдіктің алғашқы сатысы болып

табылады.

Ішімдік ішудің маңызды себептерінің бірі – көңіл-

күйді көтеру. Адамдар көбінесе көңіл-күйі нашар

болғанда, істері алға баспағанда, қиналғанда немесе

әртүрлі жағымсыз жағдайларда ішімдік қолданады. Де-

генмен бастапқыда ешбір адам ішімдіктің түбінде өзін

құрдымға батыратынын жете түсінбегендіктен «аз-аз-

дап» деген желеумен ішімдікке қалай салынғанын білмей

қалып жатады.

Қазіргі заманда адамдар рухани күйзелісті жеңу үшін

де ішімдікке үйір болатын көрінеді. Күнделікті өмірдің

ауыртпалығы, үлкенді-кішілі проблемалар, шаршап-

шалдығу, қаржының жетіспеуі секілді қиыншылықтар

адамның рухани дүниесін де құлдырататын мән-жайлар.

Ерік-жігері нашар адамдар осы бір жағдайды сәл де бол-

са ұмытудың жолы ретінде ішімдікті жанына жолдас

ететіні жасырын емес. Осылайша уақыт өте келе әлгі

адам ішімдікке мүлдем салынып, не отбасына, не отаны-

на қайыры жоқ маскүнемге айналып шыға келеді.

70

АРАҚ

Апатқа апарар үш індет