Previous Page  65 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 152 Next Page
Page Background

сырақорлар арасында ұрыс-жанжал, төбелес, зорлау, то-

нау қылмыстары жиі кездеседі. Мұндай агрессия, әсіресе,

футбол матчтарынан соң сырақор жанкүйерлердің жап-

пай тәртіпсіздік жасайтын бұзақы мінез-құлқынан анық

аңғарылады. Сыраға көп ретте жастар үйір келеді. Осыны

ойласақ, жастары ауру қоғам үшiн ешқандай жау қауiптi

емес, себебі мұндай қоғам өз түбіне өзі жетеді. Әлем

дәрiгерлерi «жасөспiрiмдердiң ағзасы сырамен уланып

жатыр» деп дабыл қағуда. Сыраны алкогольдi сусын-

дар қатарынан шығарып тастаған қоғам сырамен сырлас

ұрпақ тәрбиелемек. Қазiрдiң өзiнде сыра iшудi серiлiк

сияқты сән көретiндер де бар. Бөтелке ұстап көшеде жүру,

саябақта отырып-ақ сыра iшу – «крутойлықтың» белгiсi

деп ұғатындар да бар. Сыраны балалар да iшетiн болған.

Тiптi кейбiр ата-аналар мұны бiле тұра, «Ә, сыра iшкен

екен ғой» деп қоя салады екен. Тәрбиеден қате кетсе, есей-

гесiн дес бермесi тағы анық.

Әрине, сыра арақ емес, алайда жарты литр сыраның

күшi 50 грамм арақтың күшiмен тең. Жаңа жетiлiп келе

жатқан ағза үшiн бұл дегенiңiз әжептәуiр салмақ, жетiлiп

келе жатқан желеңнiң желкесiн қиюға күнiне жарты

65